Жасөспірімдер шосседе жеке жарыстар (жігіттер – 25,6 км, қыздар – 12,8 км) мен топтық жарыста (жігіттер – 89,6 км, қыздар – 64 км) бақ сынасты.
Жігіттер арасындағы жеке жарыста қазақстандық Игорь Чжан (1999 ж. дүниеге келген) Азия Чемпионы атанды. Ол 34:29,63 уақыт көрсеткішпен бірінші орын алды, ол екінші орындағы спортшыны 1 мин. 09,23 сек. уақытқа озды.
Қыздар арасындағы жеке жарыста мемлекетіміздің абыройын қорғаған Курносова Марина (2000 ж. дүниеге келген) 19:49,63 уақыт көрсеткішімен екінші орынға табан тіреді. Жарыстың көшбасшысы мәреге спортшымызға қарағанда 20,46 сек озып жетті.
Жігіттер арасындағы топтық жарыста Қазақстанның құрамасына Чжан Игорь, Марухин Даниил, Пронский Даниил, Федоров Евгений еніп, үздік жетістікке қол жеткізді. 2:10,31 көрсеткішке қол жеткізген Марухин Даниил алтын жүлделі алқа тақты. Мәреге екінші болып Чжан Игорь жетті. Федоров Евгений жарыста төртінші болса, Пронский Даниил бесінші орынға табан тіреді.
Жасөспірім қыздар арасындағы топтық жарыста Қазақстан абыройын Курносова Марина және Ахметова Дана қорғады. Нәтижесі: М. Курносова төртінші, ал Д. Ахметова он үшінші уақыт көрсетті.
Барлық спортшылар – «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК тәрбиеленушілері.