Спорттық іс-шара Алматы қаласы Дене шыныктыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.
Ел чемпионатына Германия мемлекетінен келген арнайы қонақ шақырылды. Гастон Параш мырза, IPF әлемдік федерациясының орынбасары:
- Біріншіден, барлық пауэрлифтинг нұсқаушыларына алғысымды білдіргім келеді. Себебі, спортшының жеңісі оның нұсқаушысына байланысты. Нұсқаушылар, дұрыс бағыт-бағдар беріп, антидопинг ережелері жайлы ескертіп, тәртіпке үйретуі қажет, - деп өз пікірімен бөлісті. Айта кететін жайт, Гастон Параш мырза, Алматы қаласында өткен антидопинг семинарына қатысқан болатын.
Ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар және ардагерлер арасында жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты және классикалық пауэрлифтингтен жекелей сында Қазақстан чемпионаты мына категориялар бойынша өтті: 105,120,120+. Жалпы айтқанда, пауэрлифтинг чемпионатына 600-ден астам спортшы қатысты.
Алматыда пауэрлифтинг 20 жылдан астам уақыт бойы өзгеріп, дамып жатыр. Алматы қаласының пауэрлифтингтің басты тренері, Валерий Александровичтің айтуынша, осы уақыттың аралығында көптеген әлемдік спортшылар тәрбиеленді. Бүгінгі таңда, пауэрлифтинг – бұқаралық спорттардың бірі, жастар арасында жақсы таралған. Сонымен қатар, бұл спорт түрі көп қаражатты, көптеген спорт жабдықтарын да қажет етпейді.
Ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар және ардагерлер арасында жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты және классикалық сығымдаудан жекелей санаттардағы Қазақстан Республикасының чемпионатының нәтижелері үш күннен кейін, салтанатты жабылу рәсімінде белгілі болады. Айта кетер жайт, жарыс наурыздың жетісіне дейін жалғасады.