«Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды

«Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменты директорының орынбасары Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, Бейбітшілік және келісім музейі директорының орынбасары Жазира Кульбаева, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір, Отырар қорық-мұражайының директоры Айбек Жандосов, ҚР Мемлекеттік орталық музей директоры Нұрсан Әлімбай, ОҚО Мәдениет басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Ерубаев, орталық музей директорының орынбасары Б.Қақабаев, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері А.Крокошева, қалалық сазды-драма театрының директоры Е. Исатаев, және музей қызметкерлері қатысты.

Атаулы шараның салтанатты түрде ашылуы наурыз айының 21-22 күніне белгіленіп отыр. Мәдениет және өнер істері департаменты директорының орынбасары Күміс Қарсақбайқызына Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан шараға дайындық жұмыстары жайлы Ж.Ибрагимов мәлім етсе, обылыс тарапынан мәдениет басқармасының өкілі Ғ.Шарафиева дайындық жұмыстары жайлы баяндады. Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір алдағы қорық-мұражайда жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Келген қонақтар өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.

Күміс Сейітова «Алдағы уақытта осы талқыланған мәселелер жүзеге асырылып, іс-шара өте жоғары ұйымдастырылған деңгейде өткізу қажет» екенін атап өтіп, жиынды қорытындылады.