Қазақстан делегациясы қысқы Олимпиадаға аттанды

Қазақстан делегациясы қысқы Олимпиадаға аттанды

27 қаңтарда Қазақстан делегациясы Нұр-Сұлтан – Алматы – Пекин бағыты бойынша қысқы Олимпиадаға аттанды.

Барлық спортшылар мен жаттықтырушылар ұшудың алдындағы соңғы апталарды карантин жағдайында өткізді.

Оларды Қытайға барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, Air Astana арнайы рейсімен жеткізеді.

Бұл рейсте конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық командалар ұшып шығады.

Шетелде финалдық жиындардан өтетін командалар, атап айтқанда биатлон, шаңғы жарысы және фристайл-акробатика бойынша құрамалар Қытайға жеке бағытпен аттанады.

"Бүгін біз Олимпиадаға аттанамыз. Бұл бәріміз үшін өте қызықты оқиға. Біз бұған  оптимистік көзқараспен қараймыз және осынау маңызды жарыстарда бар күшімізді салуға дайынбыз. Мемлекет басшысына және біздің Үкіметке, Ұлттық Олимпиада комитетіне қиын-қыстау кезеңде спортшыларға жасалған барлық жағдай мен қамқорлық үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз  спорттық дайындығымызды ештеңеге қарамастан үзген жоқпыз " -деп атап өтті Қазақстан командасының ту ұстаушысы және шорт-тректен команданың көшбасшысы Абзал Әжіғалиев.

Қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 ақпанда Бейжің ұлттық стадионында өтеді.

ФОТО: Сали Сабиров, Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК