Ә. Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Ә. Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері бойынша бірқатар кеңес өткізді.

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуді күшейту, спорт секцияларының, спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту, әуесқой клубтар желісін кеңейту, спорт ғимараттарын салу және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу, спортшылар мен жаттықтырушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолымен бұқаралық спортты, бірінші кезекте балалар спортын дамыту жөніндегі шараларды ұсынды.

Туризм саласында 192 инвестициялық жобадан тұратын пулды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Бағдарламаның барлық тармағы практикалық сипатқа ие болуы тиіс және халықтың тұрмыс сапасын нақты жақсартуға бағытталғаны жөн. Ел тұрғындары оң өзгерістерді сезінуі үшін тиімді шаралар әзірлеу қажет», — деді Премьер-Министр.