
«Туристтік Қамқор» корпоративтік қорының серверлерінің «Қазақтелеком» АҚ базасында, Алматы қаласында орналасуына және интернет байланысының болмауына байланысты туристерге қатысты деректер мен оларды елге қайтару күндері бойынша қиындықтар бар.
Дегенмен де халықаралық тұрақты және чартерлік рейстер қалпына келген сайын шетелге кеткен қазақстандық туристер елімізге қайтып келіп жатыр.
Сонымен қатар, шетелде жүрген барлық туристер жақын арада рейстерді ауыстыру туралы хабардар етіледі. Қазіргі уақытта туроператорлар өз есебінен Қазақстан консулдықтарының қолдауымен ұшуды күтіп отырған барлық қазақстандық туристерді шетелдік қонақ үйлерге орналастыруды қамтамасыз етуде.
Біздің анықтама: «Туристтік Қамқор» КҚ-ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі