«Киноның алтын қоры» туралы ақпарат

«Киноның алтын қоры» туралы ақпарат

Осынау қиын-қыстау күндерде отандық мәдениет пен тарих мұраларының тағдырына немқұрайлы қарамайтындарды республикалық телеарналардың бірінен таратылған "Елімізде киноның алтын қоры жойылды" деген хабар толғандырғаны анық.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясынан алынған ақпарат бойынша, Алматы қаласындағы филиал ғимаратында сақталған киноматериалдарға шығын келген.

Бұл ретте «Qazaqstan» РТРК АҚ  2017 жылдан 2021 жылға дейін кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатына (ҚР МСМ ведомстволық бағынысты ұйымы) сақтауға берген киноның "Алтын қорының" 500-ге жуық сақтау бірлігі бар елеулі бөлігі бүтін және сақталған.

Біздің анықтама:
КФДЖҚ кино қоры 4 698 деректі фильмді құрайды, оның ішінде "Қазақтелефильм" студиясының 1000-ға жуық кинолентасы және 504 көркем фильм. Жалпы архивте, Ұлттық архив қорының құрамында 209 289 бірлік кино-фото-фоноқұжат бар, олар толық сақтаулы.