
2021 жылдың 29 желтоқсанында сағ. 11.00 «Ашық диалог» порталында «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің халықпен байланыс каналдары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Желі қолданушылары Министрлік өкіліне ресми байланыс алаңдары арқылы, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы өтініш беру тәсілдері туралы сауалдарын қоя алады.
Іс -шара барысында Министрдің қабылдауына жазылу, Министрдің блог-платформасында жолданатын өтініштерді қарастыру мерзімі, Министрлікпен байланыс туралы мәселелер бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.
Интернет-конференция сағ. 13.00-де аяқталады.