Әдебиет курсының тыңдаушыларына сертификат табыстау рәсімі өтті

Әдебиет курсының тыңдаушыларына сертификат табыстау рәсімі өтті

28 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы  Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына арналған осы жылдың 7-29 қазан аралығында ұйымдастырылып өткізілген Әдебиет курсының білім алушыларына сертификат табыстау рәсімі өтті.

Жобаның мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншылары үшін оқыту курстарын өткізу, жас әдебиетшілерге сапалы білім алу үшін жағдай жасау, жас дарындардың ақындық шеберлігін шыңдау, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына шығармашылық дамуы үшін жағдай жасай отырып  жастардың интеллектуалдық өресін көтеріп, эстетикалық талғамын ұштау, оған қоса қазіргі заманғы жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларындың шығармашылығын насихаттау.

Жоба Қазақстанның 35 жасқа дейінгі Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына арналған онлайн-форматында бір айлық тегін курс өткізілді. Оқыту курсы онлайн форматта 21 күн, күніне 4 сағаттан жүрді.

Жобаны іске асыруға ақын,  аудармашы, мемлекеттік сыйлықтың иегері –Несіпбек Айт, жазушы, абайтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай, сыншы, Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілік, ақын, журналист, сатирик Базарбек Түкібай, ақын Оңайгүл Тұржан, жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың иегері - Роза Мұқанова, айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты - Серікзат Дүйсенғазы, ақын, филология ғылымының докторы, профессор - Жанат Әскербекқызы жәнеде басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері атсалысқан болатын.