Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Осы жылдың 17-21 желтоқсаны аралығында Қарағанды қаласындағы С.Сәпиев атындағы бокс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXXVI халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Қазақстанның барлық облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 110 боксшы қатысты.

АІBА ережелеріне сәйкес әйелдер арасында 12 және 6 салмақ дәрежелерінде жекпе-жек өткізілді. 

Америкалық кәсіпқой боксшы, 1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқойлар арасындағы абсолютті әлем чемпионы Рой Джонс Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирдің құрметті қонағы болды.

Жарысты Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, бокстан ОРМБЖМ және облыстық бокс федерациясы ұйымдастырды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.