
Режиссер Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбековтің «Қыз бен теңіз» фильмі Silk Road Film Awards – Cannes кинофестивалінде «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фильм» жүлдесін алды.
"Фильм екі сағаттан астам уақытқа созылады. Бұл физикалық және моральдық тұрғыда өте күрделі жүктеме. Бірақ балалар жай ғана дәл осы кинематографиялық отбасында болғысы келеді.", - деп атап өтті Канндағы Silk Road Production Француз қауымдастығының президенті Анар Мүсірепова.
Фильмде балалардың церебралдық параличімен сырқат Әсел есімді бойжеткеннің қиын тағдыры, оның армандары, махаббат және отбасы туралы баяндалады.
Фильм ARDI оңалту орталығының қамқорлығындағы (мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы) Динара Шарипованың өмірінен алынған нақты оқиғаға негізделген.
Фильм режиссері Әзизжан Зайыров олардың басты мақсаты "ерекше" адамдардың шексіз қабілеттері барын дәлелдеу екенін айтты.
"Олардың барлығы мұның маңызды екенін түсінді. Балалар кейде бірнеше күн бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтатын. Олардың көзінде от бар еді. Бұл бізді шабыттандырды", - деді ол.
Айта кетейік, «Қыз бен теңіз» картинасы 2017 жылдың көктемінде өндіріске енгізілген. Фильмнің негізгі түсірілімі Алматы қаласында өтті, жеке көріністер Қапшағай жағалауында түсірілген. Фильмдегі рөлдердің көпшілігін ерекше қажеттіліктері бар кәсіби емес актерлар – «АРДИ» оңалту орталығының студенттері ойнаған.