
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 25-26 желтоқсанда «Күзгі іңір» («Сен маған керексің...») спектаклінің премьерасын ұсынады.
Авторы – Айвонн Менчелл. Қазақ тіліне аударған – Н.Сауданбекұлы.
Режиссері – Ұланмырза Қарыпбаев. Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Костюм суретшісі – Шынар Елембаева. Хореограф – Салтанат Жолымбаева.
Спектакльде екі құрамда Қаллеки театрының негізін қалаушылары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Т.Атымтаева, Б.Исабекова, Г.Қылышбай, А.Аймағамбет, З.Карина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері К.Нұрланов, М.Қайсанов, Қазақ мәдениетінің қайраткерлері Б.Жұмағұлова, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Б.Мақсұтова басты рөлдерді сомдайды. Жаңа қойылымды сахналау үшін жас режиссер, Қырғызстан мәдениетінің үздігі Ұланмырза Қарыпбаев Қаллеки театрына арнайы шақыртылды.
А.Менчелл «Күзі іңір» («Сен маған керексің...») жанр: трагикомедия
Есімде сақтағым келеді. Тек бейіт басындағы бейнеңді емес. Сен кеткелі жаным да, жүрегім де қаңырап бос қалды. Мен саған тағы да келдім. Мауқымымды басу үшін... Мен сені күтемін...
Махаббат - дүниедегі ең ұлы сезім. Адам жанын жадыратып, қай жасында да, жүрегіне бақыт ұясын орнықтыратын күші бар ғажап сезім. Жүрегін махаббат мекендеген жанның жүзі нұрланып, келер күнге зор үмітпен, шексіз бақытпен көз салады.Адам жүрегін махаббат мекендегенде ғана өмір сүріп жатқанын сезінеді. Ал, сол жаннан мәңгіге айырылып қалсақ, ары қарай қалай өмір сүреміз? Дәл бұрынғы кездегідей бақытты бола аламыз ба? Ол жанның орнын басқа жан толықтыра ала ма? Осы және өзге де өзекті сұрақтардың жауабын дәл осы қойылымнан көре аласыздар. Қойылымның негізгі идеясы басымыздан қандай сынақ өтсе де үміт үзбеу. Ертеңімізге, болашағымызға сену. Қанша жасқа келсек те, сүйе білу
Құрметті БАҚ өкілдері!
«Күзгі іңір» қойылымының премьерасына орай, 25 желтоқсан күні сағат 18.00-де БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ұйымдастырылады.
Баспасөз конференциясына театр директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев, режиссер Ұланмырза Қарыпбаев және театр артистері қатысады.
2021 жылдың 25 желтоқсанында сағат 19.00-де «Күзгі іңір» спектаклінің көрсетілімі болады.
Алдын ала тіркелу үшін: +7 705 990 25 95 Ақерке Исина
+ 7 701 627 42 37 Гүлназ Асан
E-mail: kazteatr@mail.ru