Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг барысында Ақтоты Райымқұлова осы жылдың елеулі оқиғасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы екенін айтып, бүкіл республика бойынша айтулы шараны мерекелеу туралы егжей-тегжейлі баяндады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтулы тарихи кезеңді мерекелеу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін, әрбір іс-шара елге пайда әкелетін нақты қадамдармен байланысты, идеологиялық-мазмұнды және сапалы болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
Жыл басынан 46 мыңға жуық қоғамдық маңызы бар, ауқымды, жаңа жоба өткізілді (оның ішінде мәдениет саласында 45 000 іс-шара, спорт саласында – 500, туризм саласында – 100 жуық іс-шара).
Жалпы республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жобалар еліміздің 30 жылдың ішінде жеткен жетістіктерімен байланыстырылып, әр ай өзінің тақырыптық атауымен өтті. Бірқатар іс-шаралар еліміз үшін маңызды мерекелік күндерге арналып ұйымдастырылды.
Жалпы республикалық іс-шаралар жоспары ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 966 қаулысымен бекітілген және 90 іс-шарадан тұрады. Мәдениет және спорт министрлігі 16 іс – шара бойынша жауапты орындаушы (мәдениет – 11, спорт – 5) және 2 іс-шара бойынша бірлесіп орындаушы.
Ақпан айы «Қазақстан – спорттық ұлт» атауымен өтті. Оның аясында 150-ден астам спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, спорттық шаралар тек қана ақпан айымен ғана шектелмей жыл бойы да жалғасын тапты. Жалпы жыл басынан 500-ден астам спорттық шаралар өткізілді. Олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға, тәуелсіздік жылдары отандық спортшылардың жетістіктерін халыққа паш етуге бағытталды.
Ұлттық дәстүр мен мәдениетімізді насихаттау мақсатында наурыз айы «Қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрі» ретінде белгіленді. Оның аясында түрлі форматтағы 1 000-нан астам іс-шара өтті. Барлық іс-шара ұлттық дәстүрлерімізді және мәдени бірегейлігімізді сақтауға, сондай-ақ қоғамның мәдени деңгейі мен рухын көтеруге бағытталды.
Алғыс айту, Көрісу күні, Наурыз мейрамын мерекелеудің үздік дәстүрлерін жаңғырта отырып, қайырымдылық акциялар, шығармашылық концерттер, әр түрлі форматтағы жобалар ұйымдастырылды. Еліміздің театрларында ерекше назар ұлттық қойылымдарға аударылды.
Шілденің бірінші жексенбісінде «Ұлттық домбыра күніне» орай Qazaqstan телеарнасында «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» мерекелік концерті өтті. Республикамыздың 14 облысынан және республикалық маңызы бар үш қаладан жиналған, Тәуелсіздік құрдастарынан құралған 30 домбырашы күйден шашу шашты. Бұл қасиетті аспаптың беделін арттыруға, әсіресе жастар арасында қасиетті домбыра аспабын насихаттауға үлкен ықпалын тигізді.
«Елорда күні» қарсаңында мәдениет және өнер қайраткерлері қатысуымен «Сәлем, Елорда!» фестивалі өткізілді.
Киелі туризмді дамыту және тарихи-мәдени объектілерге туристік қызығушылықты арттыру мақсатында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылды, Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты өлкетану экскурсиясы ұйымдастырылды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің соңғы кезеңі 15 қарашадан басталған «30 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» жобасы болды. Бұл кезеңде республиканың барлық өңірлерінде бірқатар ауқымды мерейтойлық және салтанатты іс-шаралар өткізілді.
Атақты балетмейстер Мариус Петипаның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» спектаклінің премьерасын қоюмен кәсіби хореографиялық оқу орындарының II Халықаралық фестивалінің ашылуы өтті.
Түркістан музыкалық-драма театры елордалық көрерменге Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Бөрте» спектаклін ұсынды.
«Астана Опера» және «Астана Балет» театрларында Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсының, «Белоснежка және жеті гном» және «Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио» балетінің премьералары қойылды.
Биыл «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Боксер», «Конокрады. Дороги времени» және «Мұқағали» фильмдерінің премьералары өтті.
Сонымен қатар, «Астана» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның «Жасай бер, Қазақ Елі» атты шығармашылық кеші және «Астана Опера» театрында белгілі опера әншісі Мария Мудряктың «Сен үшін, менің Қазақстаным!» атты концерті ұйымдастырылды.
1 желтоқсанда Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи тұлға тағылымы» атты салтанатты концерт өтті.
Qazaq kuresi қауымдастығымен бірлесіп қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» республикалық турнирі өткізілді.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінде ересектер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты және парадзюдодан Азия және Океания елдерінің Ашық Чемпионаты өткізілді, оған Индонезия, Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Ресей және Жапония спортшылары қатысты.
Қазақстандық патриотизмді және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті нығайту, Абай, Әл-Фараби және Жамбылдың бай мұрасын насихаттау мақсатында, 6 желтоқсанда «Тәуелсіздік толғауы» XI Республикалық жаңа өнер туындылары онлайн-конкурсының және «Елім менің» XVII республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсының финалы өтті.
Сонымен қатар, жас таланттарды қолдау мақсатында классикалық музыка өнерін насихаттауға бағытталған Халықаралық балалар телевизиялық байқауы ұйымдастырылды.
Өскелең ұрпаққа айтыс өнерін насихаттау, оның сапалы деңгейін одан әрі дамыту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясымен бірлесіп «Алтын домбыра» 10-шы республикалық ақындар айтысы өтті.
15 желтоқсанда «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.
Біздің анықтама: 16 желтоқсанда ел басшылығы үшін «ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ» толықметражды көркем фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Фильм Қазақстан тарихында аты аңызға айналған дана билеуші, әділ жауынгер-өз Отанының қорғаушысы, реформатор және дала өлкесінің бүкіл өмірін регламенттейтін заңдар жинағының негізін қалаушы Қасым ханның өміріне арналған. Фильмнің ресми премьерасы 2022 жылдың көктемінде болады деп күтілуде. Бұл фильм қазақ халқының тарихын зерттеуге, жастарға және елдің патриоттық рухына үлкен қызығушылық танытуға ықпал етеді.
16-18 желтоқсан аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған елі» тарихи драмасының премьерасы қойылды.
18 желтоқсанда әлемнің үздік боксшыларының қатысуымен халықаралық дәрежеде өткен бокстың үлкен кешінде отандық боксшы Данияр Елеусінов үздік 15 боксшының қатарына кіретін, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды»-деді А.Райымқұлова.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шаралардың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екеніне тоқталып өтті.
«Биыл аты аңызға айналған қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай арнайы әзірленген кешенді жоспарға сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде 300-ге жуық ақпараттық-танымдық шара, тақырыптық кештер, 20 кітап-иллюстрациялық көрмесі, 70-ке жуық түрлі деңгейдегі спорттық жарыс, 10-ға жуық дөңгелек үстел мен семинарлар, «Жаһандық күш атасы – Қажымұқан» атты халықаралық онлайн конференциясы өтті.
Ақмола облысының Қажымұқан ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды, Нұр-Сұлтан қаласында «Жас батыр» спорт кешеніне «Қажымұқан» есімі беріліп, ескерткіш ашылды, «Қажымұқан» көркем фильмі түсірілді және «Күш атасы Қажымұқан» атты телевизиялық фильм-концерт өткізілді, сондай-ақ басқа да көптеген мәдени, спорттық және ақпараттық-имидждік іс-шаралар ұйымдастырылды»,- деді ол.
Баспасөз конференциясында А.Райымқұлова осы жылы қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай еліміздің барлық өңірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ақынның рухына тағзым, шығармашылығына құрмет көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті.
«Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Мұқағали» поэтикалық драмасы, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Мен ұмытылмаймын!» лирикалық драмасы, М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық композициясы, «Хан тәңірі» халық театрында «Аққулар ұйықтағанда» спектаклі көрерменге тарту етілді.
Республика аймақтарында «Мұқаңдардың жалғасы» кездесу кеші, «Есіңе мені алғайсың» атты концерт, «Жыр қанатында» атты көркемсөз оқу жобасы аясында «Өмірі өлеңмен өрілген» поэзия сағаты, мектеп оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты онлайн-марафоны өткізілді.
«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық байқауына этникалық ұлт студенттерінің орындауында мерейтой иесінің өлеңдері мен бейнеклиптері әзірленіп, «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты кітап және виртуалды көрмелер ұйымдастырылды. Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қор мен «Қазығұрт» баспасы бірлесіп дайындаған ақынның 10 томдық шығармалар жинағын Министрліктің қолдауымен ағымдағы жылдың соңына дейін басып шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар «Қазақфильм» киностудиясы қазан айында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ақынның шығармашылығы мен өмір жолына арналған режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» атты толықметражды көркем фильмінің тусаукесерін өткізіп, бүгінгі күні кинотуынды еліміздің барлық кинотеатрларында жарыққа шықты.
Бұған қоса, ағымдағы жылы Qazaqstan ұлттық телеарнасында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналып телехикая түсірілуде. Телехикая жыл соңына қарай әзір болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанында ақынның туған жері Нарынқол ауылында мерейтой иесінің құрметіне орай ескерткіш орнатылып, атына саябақ берілді»,- деп айтты Ақтоты Рахметоллақызы.
Брифингте министр жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының қалай аталып өткендігін, елімізде ұйымдастырылған ауқымды іс- шаралардың ретімен таныстырды.
«Мемлекеттік комиссия деңгейінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспар бекітілді, оған сәйкес республикалық және өңірлік деңгейдегі көптеген мәдени-танымдық іс-шаралар жоспарға сәйкес түгел орындалды.
Министрлік Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына сәйкес 90-нан аса республикалық және өңірлік іс-шаралар жоспарын бекітіп, толыққанды өткізді. Мерейтойдың бірыңғай символикасы бар брендбук дайындалды, «Қазпошта» акционерлік қоғамы мерейтойлық пошта маркасының эскиздерін әзірледі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі коллекциялық монеталарды шығарды, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Жамбыл өлеңдеріне арналған музыкалық туындыларды теміржол рейстерінде таратуды ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан айтыскерлерінің қатысуымен халықаралық ақындар фестивалі ұйымдастырылды, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында композитор Әлқуат Қазақбаевтың «Жамбыл Жырау» операсының премьерасы өтті.
Түркияда Жамбылдың өлеңдері түрік тіліне аударылып, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының тұсауы кесілді.
Жамбылдың 175 жылдық мерейтойын қорытындылау аясында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаевтың әдеби мемориалды музейінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшының арнайы қатысуымен еліміздің бір топ шығармашыл жастарымен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжанов, көршілес Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы С.С. Касмамбетов және Қырғыз Республикасынан келген делегация жас ақын, жазушылармен кездесті. Жиынның қорытындысында Жамбыл Жабаевтың 30-томдық жинағының тұсауы кесілді.
Жалпы, Ұлы даланың Гомеріне айналған ұлы ақынның мерейтойы біздің халқымыз үшін үлкен мәдени мерекеге, айтулы рухани оқиғаға айналды»,-деп атап өтті министр.
Бүгінгі брифингте А.Р.Райымқұлова қазақ тарихында халықтың басынан өткен ауыр азапты күндер, оның өскелең ұрпақ үшін мәнін жан-жақты түсіндіру бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
«Өздеріңіз білетіндей ХХ ғасырдың саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыз үшін қасіретті кезең болды. Зұлмат жылдарда Қазақстанға Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.
Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылдың 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.
Комиссия жұмысы аясында Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік архивтердегі жабық қорлардан ақпарат жинақтады.
Қазіргі таңда Орталық мемлекеттік архивте сақталған құжаттардың заңды иелерінің қатысуымен (Прокуратура, Әділет министрлігі сияқты) саяси қуғын-сүргінге байланысты құжаттарды құпиясыздандыру жұмыстары жүргізілуде»,- деді Мәдениет және спорт министрі.
Ақтоты Райымқұлова Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау барысы туралы қысқаша баяндады.
«Мемлекет басшысы «Кітап оқуға деген, кітап арқылы қоршаған әлемді тануға деген қызығушылық балалардың мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін орын болуы керек» деп атап өткен болатын.
Осыған байланысты, 2021 жыл «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланды. Оның шеңберінде оқырмандарды кітапханаларға тарту және Қазақстан Республикасында оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында алғаш рет «Жас қаламгер» оқыту мектебі әлеуметтік жобасы «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясы және т.б. шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, NurOtan сайлауалды тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін еліміздің кітапхана қорын жыл сайын, оның ішінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін мемлекеттік тілде 10% - ға ұлғайту көзделген.
Мемлекет басшысы 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында «Дарынды балаларды жан-жақты қолдау қажет» деп тағы да атап өтті. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін Жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін ілгерілетуге бағытталған практикалық шаралар жоспарын ұсыну тапсырылды.
Осыған байланысты Министрлік құрамына мәдениет қайраткерлері, сарапшылар, мүдделі ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіретін тиісті жұмыс тобын құрды.
Шығармашыл жастарды қолдау жоспарының жобасы аясында жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға ықпал ететін мәдениеттің түрлі бағыттары мен жанрларын дамытуға бағытталған республикалық, облыстық және халықаралық деңгейдегі 80-ге жуық іс-шара алдын ала жоспарланған.
Біздің анықтама: Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша 47 іс-шараны іске асыру көзделген.
Министрлік дәстүрлі негізде өткізетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдерді қамтитын 25 іс-шараны тікелей іске асыруды жоспарлап отыр.
Nur Otan партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың соңына дейін республика бойынша 89 мәдениет объектісінің құрылысы, ал мәдениет объектілерін жөндеу шеңберінде 267 мәдениет объектілерін жөндеу жұмыстары аяқталады, жоспарлы көрсеткіш 26,5%-ға немесе 56 объектіге асыра орындалды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде мәдениет саласында 2021 жылы еліміздің 2 өңірінде (Түркістан – 6, Қызылорда – 2, Жамбыл – 1) 9 жобаны іске асыру көзделген.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2021 жылы еліміздің 12 өңірінде ауылдағы мәдениет объектілерін салу, күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша 64 жобаны іске асыру көзделген.
Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұра объектілерінің инфрақұрылымы дамуда. Ағымдағы жылы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталды, «Ұлытау» музей-қорығының визит-орталығының аумағы толық абаттандырылды, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының тарихи аумағын абаттандыру аяқталуда.
2021 жылы «Сарайшық», «Гаухар ана» және «Ордабасы» визит-орталықтарының құрылысы басталды, «Сауран» визит-орталығының құрылысы бастау сатысында, сондай-ақ «Бозоқ» қалашығының ортағасырлық сәулет стиліндегі қоршауының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, Бішкек қаласында Абай Құнанбаев ескерткішін салуға жобалық сметалық құжат әзірленді. «Есік» визит-орталығының құрылысына жобалық сметалық құжат бойынша мемлекеттік сараптама жүргізілді.
2021 жылы тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау бойынша бағалау нормативтері алғаш рет бекітілді. Оның арқасында ғылыми-реставрациялау жұмыстарының ерекшелігін ескере отырып, бағалау енгізілді.
2021 жылы тарих және мәдениет ескерткіштерінде 5 бағыт бойынша 45 тарихи-мәдени мұра объектілерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүзеге асырылды, оның ішінде:
1) 21 республикалық тарих және мәдениет ескерткішінде;
2) Әзірет Сұлтан музей-қорығының 9 нысанында;
3) Отырар оазисінің 10 объектісінде;
4) Жамбыл Жабаев музей-үйіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары және музейфикациялау;
5) Мұхтар Әуезов музей-үйі мен оның әкімшілік ғимаратында ғылыми-реставрациялық жұмыстары.
Түркістан қаласын дамыту еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі ең ауқымды жоба деп атауға болады.
Биыл түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммиті аясында Түркістан ресми түрде Түркі әлемінің рухани астанасы болып танылғанын атап өткім келеді.
Қазіргі таңда Түркістанның тарихи орталығында ғылыми-реставрациялау жұмыстары жалғасуда. Жалпы, Түркістан қалашығын қалпына келтіру, консервациялау және реставрациялау жұмыстарымен 88,7 га аумақтағы 9 объект қамтылды, оның ішінде 4 тарихи-мәдени объектіде (үлкен Қылует, Мусаляқақпа, Такияқақпа, Жетіатақақпа) жұмыстар аяқталды және 5 объектіде (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі, Дарбазақақпа, Әбілмәмбет хан ордасы, магистральная көшесі) жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар, Түркістанның ең алғашқы қалалық қоныстарының бірі – Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізілуде.
2021 жылы карантиндік шараларға қарамастан «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында жұмыстар жалғастырылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында ескерткіштерде 60 археологиялық жұмыс жүргізілді, бұл жоспарланған көрсеткіштен 50% – ға артық (жоспар-40 жұмыс). Сонымен қатар, 29 тарихи-мәдени мұра объектілерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді.
13 ғылыми археологиялық және қолданбалы зерттеулер іске асырылды, олардың саласының деңгейі Ұлттық ғылыми кеңеспен оң бағаланды.
Архивтердің қоғамдық, мемлекеттік және мәдени құндылықтарын сақтаудағы ерекше маңыздылығын атап өткен жөн. Архивтік құжаттар Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда біздің еліміздің архивтары мемлекеттің ең бай ақпараттық ресурстары болып табылады және ғасырлар бойы қоғамға қызмет етіп келеді.
Осы жылы мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметінің негізгі процестерін автоматтандыру, сондай-ақ архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру мақсатында «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» («Е-Архив») ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бүгінгі таңда
Е-Архивқа 1574 ұйым қосылған (атап айтқанда 223 мемлекеттік архив, 421 аумақтық мемлекеттік орган, 60 орталық және 870 жергілікті атқарушы орган).
Бұл шара цифрлық жеткізгіштердегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, электрондық картотеканы құруға, қағаз түпнұсқалардың өмірін ұзартуға, Ұлттық архив қорының құжаттарын жедел іздестіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік архивтар жұмысының тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда архивистердің тікелей қатысуымен архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Сондықтан архив ісі саласындағы қызметкерлерді даярлауға көп көңіл бөлінуде.
2021 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивтарының базасында алғаш рет мемлекеттік және ведомстволық Архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ашылды. Мұнда сала қызметкерлері реставратор, ғылыми-техникалық және аудиовизуалды құжаттаманы өңдеу және т.б. мамандықтар бойынша оқытудан өтетін болады.
«Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті.
Осы тапсырманы орындау үшін мәдениет, спорт және дене шынықтыру мәселелері жөніндегі заңдарға түзетулер енгізілді. Оның шеңберінде балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігі алғаш рет енгізілді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бойынша барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, арнайы Artsport.edu.kz. порталы құрылды.
Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру 2021 жылдың 1 мамырынан басталды. Бүгінгі таңда 4 жастан 17 жасқа дейінгі 283 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер секциялар мен үйірмелерге тегін қатысады, оның ішінде спорт бойынша 150 мыңға жуық адам, шығармашылық бойынша – 133 мыңнан астам адам.
Сонымен қатар, Nur Otan сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2025 жылға дейін тірек ауылдарды қамти отырып, балалар – жасөспірімдер (БЖК) және балалар – жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарының (БЖКҚ) санын 1000-ға дейін ұлғайту көзделген (оның ішінде 718 - балалар-жасөспірімдер клубы және 282 - балалар және жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарын).
Бүгінгі күні ел бойынша олардың нақты саны 760 бірлікке жетеді, оның ішінде 632 балалар-жасөспірімдер клубы және 128 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары.
Жалпы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикада 127 763 спорт секциясы жұмыс істейді. Аталған секциялардағы балалар мен жасөспірімдердің 37,5% - ы немесе олардың жалпы санынан 1,5 млн бала қамтылған. Балалардың жалпы санының 33,4% немесе 1,3 млн 24 403 балалар үйірмесінде айналысады. Олардың саны NurOtan партиясының жол картасы шеңберінде жыл сайын арттырылатын болады.
Министрліктің негізгі бағыттарының бірі- бұқаралық спортты одан әрі дамыту және әлемдік аренада жоғары жетістіктер спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Өздеріңізге белгілі, 2020 жылғы Жолдауда Мемлекет басшысы тарапынан кәсіби спорт клубтарын ұстауға жұмсалатын қаражаттың бөлінуіне қатысты әділ сын айтылды. Аталған қаражатты бұқаралық және балалар спортын дамытуға бағыттау тапсырылды.
Нәтижесінде, кәсіби спорт клубтарын ұстауға бөлінетін қаражатын қайта бағдарлау мәселесі бойынша бірыңғай тәсілдер әзірленді.
Осылайша, бюджет қаражаты және квазимемлекеттік сектор есебінен 2 млн теңгеден аспайтын мөлшерде спортшының жалақысының рұқсат етілген ең жоғары мөлшері анықталды. Кәсіби ойын спорт клубтарын ұстауға мемлекеттік бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан бөлінетін қаржы қаражатының шекті сомасы:
- футбол мен шайбалы хоккей үшін 1,2 млрд теңгеден артық емес;
- қалған ойын түрлері үшін 450 млн теңгеден артық емес.
Бүгінгі күні қолданыстағы 98 спорт клубын қаржыландырудың жалпы мөлшері 55,5 млрд теңгені құрады. Қабылданған шаралар нәтижесінде 18,1 млрд теңге үнемделдіп, олардың 24,4% инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, 27,5% мемлекеттік спорттық тапсырысқа және 48,1% спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге бөлінді.
Біздің анықтама: Барлығы 98 кәсіби спорт клубтары, оның ішінде классикалық және жағажай волейболы – 29, футбол – 25, баскетбол – 14, шайбалы хоккей – 11, гандбол – 7, регби – 4, су добы – 3, көгалдағы хоккей – 2, допты хоккей – 1, велосипед спорты – 1 және жеңіл атлетика – 1.
Әрине, бұқаралық спортты дамыту халықтың барлық топтары үшін қажетті және қолжетімді спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты.
Мемлекет басшысы 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салу арқылы бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл үшін Министрлік ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрғандарын, оның ішінде білім беру орындарының базасындағы объектілерді реконструкциялауды жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың график-жоспар (ЖҰЖ-ның 2021 жылғы 36-тармағы) жобасын әзірледі.
Бүгінгі таңда Жоспар-кесте жобасына 233 спорт нысаны енгізілген, оның ішінде 199 жаңа объекті құрылысы, 28-і қайта жаңартылып, жаңғыртылады, 6-ы толық жарақтандырылады. Қазіргі уақытта осы жобаларды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Біздің анықтама: Қазіргі уақытта спорт инфрақұрылымын дамытудың Жоспар-кестесінің жобасы жергілікті атқарушы органдардың келісуінде (а.ж. 14 қазандағы № 14-06-15/3420-и хатымен жіберілген).
2021 жылдың қорытындысына сай елімізде 590 жабық спорт кешені бар, оның 125-і мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысуға бейімделген.
Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 13,2% - ды құрады.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету және қажеттілікті азайту мақсатында бюджеті төмен жабық спорт объектілері мен тегіс ғимараттар салуды, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі объектілерге қосымша шаралар қабылдайтын болады. Бұл спорттық ғимараттар спорттық ядролар түрінде болады және олардың ұстау жергілікті бюджеттерге ауыртпашылық түсірмейді.
Жобалық-сметалық құжатты әзірлеуді талап етпейтін спорттық өзек түріндегі жазықтық құрылыстың эскиздік жобасы әзірленді және оған ашық футбол алаңы, баскетбол мен волейболға арналған аралас алаңдар, 1-4, 5-6 сыныптарға арналған спорттық-дамыту алаңдары, гимнастикалық алаңдар, ұзындыққа секіруге арналған орындар, үстел теннисіне арналған алаңдар, шағын футбол кіреді.
Спорт ғимараттарына қажеттілікті қысқарту дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесін 2025 жылы 33,8% - дан 50% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2021 жылдан бастап алғаш рет заңнамалық деңгейде спорт нұсқаушылары лауазымы жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестесіне енгізілді.
Бүгінгі күні NurOtan сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде спорт саласында 3064 нұсқаушы жұмыс істейді, бұл жоспарланған көрсеткіштен 64 адамға (2%) артық. 2025 жылға дейін олардың саны 3561-ге дейін артады, осылайша елдің барлық ауылдық елді мекендерін қамту жоспарлануда.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында басталған 100 Дене шынықтыру-сауықтыру кешеннің құрылысы аяқталуда.
2019 жылы 24 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2020 жылы 35 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. 2021 жылы 43 дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы жоспарланған, оның 26-сы пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 17 дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы аяқталады.
Қазақстан ұлттық құрамасының Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлттық құраманың қорытынды нәтижесі – 8 қола медаль және жалпы командалық есепте 83-ші орын – Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға қосқан елеулі қаражатына сәйкес келмейді» деп әділ атап өтті.
Токиодағы Олимпиада ойындарында спортшылардың нәтижелілігіне жүргізілген талдау Қазақстан Республикасындағы спортты толық трансформациялау, жоғары жетістіктер спортын басқарудың қазіргі тетіктерін реформалау қажеттілігін көрсетеді.
Кәсіби спортты басқару жүйесін қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында (ЖҰЖ-ның 2021 жылғы 37-тармағы) Министрлік мынадай шаралар қабылдады.
Министрліктің бастамасымен «Спортты трансформациялау» жобалық кеңсесі құрылды, оның құрамына Парламент депутаттары, Ұлттық Олимпиада комитетінің, Ұлттық паралимпиада комитетінің, спорт федерацияларының басшылары, Олимпиада чемпиондары, Әлем чемпиондары, танымал жаттықтырушылар, ұлттық компаниялардың басшылары және азаматтық қоғам көшбасшылары кірді.
Министрліктің кеңейтілген алқасы (осы жылдың 13 қыркүйегі) және жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша барлық спорт федерацияларының қатысуымен Ұлттық Олимпиада Комитетінің Бас Ассамблеясы (осы жылдың 29 қыркүйегі) өткізілді.
Аталған алаңдарда кәсіби спортты басқару жүйесін қайта қарау бойынша негізгі тәсілдер және жалпы спорт саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде дене шынықтыру және спорт саласын басқару жүйесін реформалау бойынша негізгі ұсыныстар әзірленді, атап айтқанда:
- жоғары спорттық нәтижелері үшін кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар спортшылар (ҚР азаматтары болып табылатын Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атағын жеңіп алған спортшылар) мен олардың жаттықтырушыларына 24 айлық есептік көрсеткіштен (73 512 теңге) (19.12.2014 ж. №1324 ҚР Үкіметінің Қаулысы) 100 айлық есептік көрсеткішке (306 300 теңге) дейін өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету мөлшерін арттыру. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, атап айтқанда, Ресейде спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау 60 000 рубль мөлшерінде белгіленді, бұл шамамен 352 000 теңгені құрайды.
Бүгін, спорт жарыстарында бір күн қызмет көрсеткені үшін спорт төрешілеріне 1 239 теңгеден, ал халықаралық санаттағы төрешілерге 2 655 теңге төленеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Еуропа елдерінде төрешіліктің 1 күніне орта есеппен 50 евро (25 250 теңге), Түркияда – 70 евро (35 350 тг.), Ресейде – 4 000 рубль (24 000 тг.) төленеді.
- нұсқаушы-спортшы ретінде жалақы алатын спортшылардың штат санын 1000 адамнан 3000 бірлікке дейін ұлғайту. Бұл мәселе 1994 жылдан бері өзгеріссіз қалып келеді. Егер 1994 жылы спорттың 60 түрі бойынша Ұлттық штаттық командалар саны 1 000 адам болып бекітілген болса, 2021 жылы 138 спорт түріне 1 000 адам өзгеріссіз қалып отыр.
- «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 31 қазанындағы № 600 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу арқылы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және жасөспірімдер Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, Әлем чемпиондарын Ұлттық бірыңғай тестлеуді тапсырушы тұлғалар тізімінен алып тастау, сондай-ақ саладағы сұранысқа ие мамандықтар, оның ішінде спорттық медицина және менеджмент бойынша «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша квотаны ұлғайту.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, ұлттық деңгейдегі Олимпиадалық даярлау орталықтары мен Өңірлік және қалалық деңгейдегі олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының санын ұлғайту жолымен спорттық резервті даярлау бойынша жұмыстарды күшейту ұсынылды.
Сонымен қатар, спорт ұйымдарын оңтайландыруға жататын және мәдениет объектілеріне ұқсас заңнамалық деңгейде жекешелендіруге жататын объектілер тізімінен алып тастау ұсынылады.
Біздің анықтама: 1991 жылдан бастап Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 33%-ға қысқарды (1991 жылы – 617 бірлік, 2020 жылы – 477 бірлік).
Спорт ғылымын дамыту және спортшыларды медициналық-биологиялық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Еліміздің 6 өңірінде дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін ашу қажет (Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары).
Біздің анықтама: Қытай аумағында спорт мәселелері бойынша 37 институт жұмыс істейді, АҚШ-та – 23, көптеген елдерде бүкіл ел бойынша филиалдары бар ғылыми құрылымдар жұмыс істейді. Жалпы, әлемнің 205 елінің 120-дан астам елінде спорт бойынша ғылыми институттар мен зертханалар бар.
Бұдан басқа, Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмысты бастады. Өзгерістер уәкілетті органның спорт түрлері бойынша бюджет қаражатын бөлу бойынша бақылау-қадағалау функцияларын күшейтуге, спорт резервін даярлауға, мемлекетке тиесілі спорт объектілерін пайдаланудың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ спорт резерві мен спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды даярлау кезінде жергілікті атқарушы органдар мен аккредиттелген спорт федерацияларының өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Әзірленген ұсыныстарды іске асыру отандық спортшыларға әлемдік спорт аренасында лайықты бәсекелесуге мүмкіндік береді деп санаймыз.
Елдің туристік саласын дамыту мақсатында туристік қызмет туралы Заңға түзетулер енгізілді. Онда тиісті туристік саланы қолдау шаралары көзделген: туроператорлар үшін субсидиялар, туристік объектілер мен Санитарлы-гигиеналық тораптар салу, туравтобустар сатып алу кезіндегі шығындарды өтеу және т.б. Өзгертулер 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қабылданған шаралар туристік бизнеске де, қарапайым азаматтарға да пайдалы және ел ішіндегі демалысты қол жетімді және ыңғайлы етеді. Мысалы, Kids Go Free (Кидс Го Фри) бағдарламасы бойынша отбасылық демалыс 30% - ға дейін арзан болады, ал жол бойындағы сервисті жетілдіруге бизнесті тарту туристік маршруттарды барынша ыңғайлы етеді.
Ішкі туризм бүгінгі күні Қазақстанда басым бағыттың бірі саналады. Тек осы жылдың 9 айында біз 5,2 миллионнан астам ішкі туристерді тіркедік – бұл 2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңге қарағанда ұлғайған. Олардың шамамен бестен бірі ұлттық парктерге келуші болды (1 млн адам). Бұл ішкі туризмге, әсіресе табиғи аумақтарда демалуға деген сұраныстың өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Қонақ үй қорын дамыту және негізгі туристік дестинацияларда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері тұрақты бақылауға алынған.
Инвестициялардың жалпы көлемі 3 трлн. теңгені құрайтын 194 жеке инвестициялық жобалар пулы қалыптасты (іске асыру сатысындағы, әзірлеудегі/инвесторды іздеу сатысындағы жобалар), оларды іске асыру 2021-2025 жылдарда көзделген. Бүгінгі таңда 2021 жылы жоспарланған 109 жобаның 82 жобасы 194,2 млрд теңгеге аяқталды. 2000 жұмыс орнын және 3274 төсек-орыны құрылды.
Олардың ішіндегі ең ірілері-Түркістан облысында 88 млрд теңге сомасына «Керуен Сарай» отбасылық ойын-сауық-сауда орталығы кешені, Маңғыстау облысында 47,7 млрд теңге сомасына тақырыптық парк, Байқоңыр қаласында Galaxy қонақ үйі, Түркістан облысында 417 млн теңге сомасына Etno Park Resort этно-курорты, Шығыс Қазақстан облысында 400 млн теңге сомасына Alazone Arena мәдени-ойын-сауық кешені.
Туристік бағыттардың инвестициялық тартымдылығының маңызды факторы- инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі.
ҚР туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019-2021 жылдары 80 жобаны іске асыруға 126,1 млрд. теңге мемлекеттік инвестициялар бөлінді, оның ішінде 2021 жылы 59,8 млрд. теңге сомасына 39 жоба қаржыландырылды. Мәселен, шамамен 250 км автожол, 88 км нөсер кәрізі, 115 км сумен жабдықтау, 96 км электр беру желісі, 147 км газбен жабдықтау, 69 км кәріз желісі және ілеспе инфрақұрылымның басқа да жобалары салынып, реконструкцияланды.
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында кемпингтер, жаяу соқпақтар, глэмпингтер, тамашалау алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және т.б. құрылыстарды қамтитын экотуризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Аюсай шатқалында кемпингтер, қонақ үйлер бар визит-орталықтың құрылысы аяқталды, соқпақтар жабдықталған.
Алтын Емел саябағында, Шарын каньонында зәкірлі инвесторлар тарту жұмыстарын белсенді түрде бастады, олар туристердің жайлылығы үшін инфрақұрылым жабдықтарын (глэмпинг, күркелер, ауыз су бұрқақтары, қарау алаңы, грототалар және т. б.) жүргізеді.
Сондай-ақ, биыл Көлсай паркінің аумағында экотуризм жобасын іске асыруға инвестор тартылды.
Естеріңізге сала кетейін, көрсетілген 4 ұлттық парк бойынша инвестициялардың жиынтық көлемі 24,5 млрд. теңге деңгейінде күтілуде.
Экотуризм жобалары аясында туристердің табиғи көрікті жерлермен байланысының алғашқы нүктесі болуы керек Сапар орталықтарын салуға ерекше көңіл бөлінеді. Іле-Алатау, Көлсай, Алтын Емел, Шарын ұлттық паркінде, Шымбұлақта шамамен 15 визит-орталық салу жоспарлануда.
Туристік саланы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету біздің жұмысымыздың маңызды аспектілері саналады.
Қазіргі уақытта Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған Түркістан қаласындағы Халықаралық Туризм және меймандостық университетінде 1 357 студент білім алуда.
Туризм саласында цифрландыруға ерекше көңіл бөлінді. Kazakhstan.travel, E-QONAQ, «Турстат» ақпараттық жүйесі әзірленді, Tourism online коммуникациялық цифрлық платформасы іске қосылды.
Сондай-ақ, елдің туристік әлеуетін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету және туристік өнімдерді дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Осының арқасында біз бірқатар беделді марапаттарға ие болып, баратын орындар тізіміне қосылдық.
Осы жылдың қазан айының соңында біз Дубай қаласында ЭКСПО-2020 көрмесінде қазақстандық туризмнің арнайы күндерін ұйымдастырдық, онда отандық туроператорлардың қатысуымен бизнес-кездесулер де, мәдени іс-шаралар да өткізгенімізді атап өткім келеді. Ал өткен аптада Қазақстанның павильоны 500 мың адам келуін тіркеді.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Түркістан қаласында шетелдік дипломаттардың, туристтік қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан мен Өзбекстанның туроператорларының қатысуымен «Ұлы Жібек жолы – Ұлы мұра» туристік форумы гибридті форматта (онлайн/оффлайн) өткізілді.
Осы жылдың 25 шілде – 8 тамыз аралығында Алматы қаласында құрамына өңірлік туризм басқармалары, туристік ақпараттық орталықтар, туроператорлар мен агенттіктер, салалық компаниялар кіретін 14 өңірдің қатысуымен Almaty Travel Park 2021 туристік көрмесі өткізілді»,- деп қортындылады Мәдениет және спорт министрі.
Мәдениет, архив, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөлінді.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық мәдениет және архив ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы 50%, ал өңірлік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларынан 35% көлемінде көтерілді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп, жыл сайын 2023 жылға дейін 25%-ға ұлғаятын болады.
Біздің анықтама: Спорт саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан жалпы сомасы 12,6 млрд. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Трансферттер ай сайын жүзеге асырылады.
Мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы үшін лауазымдық жалақысына 1,75 коэффициенті сақталды.
Мәдениет ұйымында кәсіби қызметін тоқтатқан, кемінде 20 жыл кәсіби еңбек өтілі бар балет әртістеріне соңғы 3 жыл ішіндегі орташа жалақыдан 60% мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер орнатылды.
Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне, дарынды жастарға мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының стипендиясы 240-тан 660 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.
2021 жылы шығармашылық одақтарды қолдау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 7 жобаны жүзеге асыру үшін 46, 6 млн. теңгеге бөлінді.
Допингке қарсы зертхананың, Ұлттық допингке қарсы орталығының, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлеріне және Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушыларына лауазымдық жалақысы 2 есе өсті.
Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде сабақтан тыс спорттық сабақтарды жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде 2022 жылдан бастап азаматтық қызметшілердің барлық санаттарының (А, В, С, D), оның ішінде мәдениет, архив ісі ұйымдарының қызметкерлерінің жалақысын 2025 жылға дейін орта есеппен 20%-ға жыл сайын арттыру көзделген.
Сала қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы «Ипотекалық ұйымы» АҚ (2020 жылғы 23 Қазан) арасында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу туралы келісімге қол қойылды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында Министрліктің мемлекеттік қызметкерлеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 20 пәтер бөлінді (1 бөлмелі – 10, 2 бөлмелі - 5, 3 бөлмелі – 5).
Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне Алматы қаласында 16 пәтер (1 бөлмелі - 4, 2 бөлмелі – 10, 3 бөлмелі - 2) және Нұр – Сұлтан қаласында 50 пәтер (1 бөлмелі - 20, 2 бөлмелі – 20, 3 бөлмелі - 10) бөлінді.
Ақтөбе облысында жастар мен мәдениет, өнер және архив қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында Министрліктің қолдауымен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мамандары үшін Қазақстан Ипотекалық Компаниясы бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен 38 бір бөлмелі пәтер бөлінді»,-деді А.Райымқұлова.
Брифинг соңында А.Райымқұлова келер жылы мемлекеттік орган алдында тұрған негізгі міндеттерді белгілеп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.