«Балуан тас» атты екі томдық кітаптың тұсаукесері өтеді

«Балуан тас» атты екі томдық кітаптың тұсаукесері өтеді

22 желтоқсандаҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас» атты палуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық кітабының тұсаукесері өтеді.

Кітапқа қазақ халқының палуандары мен күрес өнеріне қатысты аңыз-әфсаналары, қисса-дастандары, ел аузындағы әңгімелер, кейбір жекелеген тарихи деректер енгізілген. Басты мазмұнды аты аңызға айналған алапат күш иелері мен олардың палуандық жолындағы тосын хикаялары мен оқиғалары, шешендік сөздерінің шоғыры құрайды. Мұнда халқымыздың қазақша күрес пен жекпе-жек дәстүрі азаматтық құндылықтар тұрғысынан қарастырылған.

Кітап жаңалығы – ұлттық спорт пен дегдарлық мәдениет туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Сонымен қатар баяндалған оқиғалардың танымдық-патриоттық тұрғыда маңызы аса зор.

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, "Қазақстан барысы" бақауының жеңімпазы Ержан Шынкеев және басқа да танымал тұлғалар мен эстрада жұлдыздары, білім-ғылым, БАҚ және спорт саласы өкілдері қатысады деп күтілуде.

Кітап түркістандық «Балауса» шаруақожалығының басшылары Мамырайхан Қалназаров пен Мейірхан Қалназаровтың демеушілігімен жарық көріп отыр.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ.,  ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасы, Тәуелсіздік даңғылы, 54

Өтетін күні: 2021 жылдың 22 желтоқсаны, сағат: 15.00

Байланыс: 8 (778) 442 84 13