
2021 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архив базасында мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің Біліктілігін арттыру орталығының салтанатты ашылуы өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, архив саласы қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.
Орталықтың негізгі міндеті – архив саласының жоғары кәсіби мамандарын даярлау. Лекторлар құрамына архив ісі және құжаттау саласындағы тәжірибелі мамандар енгізілген, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарын тарту жоспарланған.
Іс-шара уақыты: 2021 жылдың 20 желтоқсаны, сағат 11.00.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві (Нұржол желекжолы,12).
БАҚ аккредиттеу үшін байланыс нөмірі:
+ 7 (707) 933 59 17 Әсел Серікпаева