
Qazaqstan Project Management Awards-2021, ұлттық байқауы «Жылдың үздік жобасы», «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» және «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациялары бойынша өткізілді.
Осы жылы II-ші рет өткен ұлттық байқауды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттік органдар қызметіне жобалық тәсілді енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған ұлттық байқауға тек осы жылы ғана мемлекеттік органдардан басқа, бизнес өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен ҮЕҰ қатысты.
Ұлттық байқауға 300-ге жуық, соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігінен 30-дан астам өтінім берген.
Министрлік «Орталық мемлекеттік органдардың үздік жобалары» номинациясы бойынша ұсынған «Қазақстанның киелі картасы» жобасы ұлттық байқаудың алтын жүлдесін, "E-sport бірыңғай цифрлық платформасы" жобасы күміс жүлдесін иемденді.
Анықтама. «Қазақстанның киелі картасы» жобасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі елімізде жобалық менеджментті жетілдіруге бағытталған Qazaqstan Project Management Awards-2021 II Ұлттық конкурсына «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын ұсынып, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ» номинациясы «Орталық мемлекеттік органдар» санаты бойынша БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленді. Марапаттау рәсімінде «АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ» атты арнайы сыйлық тапсырылды.
Анықтама. «E-sport бірыңғай цифрлық платформасы» жобасы
E-sport-та негізгі құжаттар жалпыға қолжетімді болады. Олардың қатарында: спорттық күнтізбелер, ұлттық құрама командалар, спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай электронды базасы.
Бұл мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйемен күнтізбелік жоспарларды автоматты түрде өзгерту және тиісінше барлық мүдделі органдардың бұл туралы хабарламалары қарастырылған.
Алдағы уақытта, осы жүйеде елдің барлық спорттық объектілері цифрландырылатын болады.
Пилоттық жоба Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылады.
Ұлттық байқауға «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша Мәдениет комитеті Музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Гүлзейнеп Анафияқызы Пазылова қатысып жеңімпаз атанды. Ал министрліктің 2021 жылы ресми жариялаған «Балалар әдебиеті жылы» жобасы қола жүлдеге ие болды.