Абай мұражайы Алғыс айту күніне орай танымдық кеш өткізді

Абай мұражайы Алғыс айту күніне орай танымдық кеш өткізді

Елбасы Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностар бір біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті. Бұл күн мейірімділіктің бүкіл қазақстандықтардың бір - біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген болатын. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

 «Алғыс айту» күніне орай Семей қаласының №28 мектеп оқушыларының «Бабалар мұрасы – ұрпаққа аманат» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме Абай мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаеваның құттықтау сөзімен ашылды.

Сонымен қатар, мерекелік кеште Л.Хамиди атындағы №1 музыка мектебінің оқушысы А.Әділбекова, №28 мектеп оқушылары Ж.Құрманғалиева және А.Ширяеваның орындауларында «Туған жерім»,  «Нарисую мир» әндері шырқалды. Достық үйнінің неміс, өзбек, татар орталықтарының өкілдері өздерінің ұлттық ән-билерін, көрермен назарына ұсынды.

Балет мектебінің оқушылары А.Айдосова мен И.Мақанова татар халқының ұлттық биін шырқап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.