
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандум өзара бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға жол ашады.
Сонымен бірге университет ғалымдары, студенттері ортағасырлық Сарайшықтың жаңа беттерін зерттеуге қатысады.