
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Алтын Орда жәдігерлері сөйлейді» атты жылжымалы көрме өткізді.
Көрме экспозициясында 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Сарайшықта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған және Ұшқан қаласы, Ащысай мекендеріне жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде анықталған жәдігерлер, музей-қорық реставраторлары қайта қалпына келтірген жәдігерлері қойылды. Көрмені тамашалауға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.