Алматыда «Аманат» фильмінің қайырылымдылық көрсетілімі өтті

Алматыда «Аманат» фильмінің қайырылымдылық көрсетілімі өтті

Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «KazDesign Production» ЖШС жарнама-продюсерлік компаниясы  «MobileDalaFilm» жобасымен және Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігі.

-  Көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күнін тойлайтынымыз қандай жақсы. Егер біз бір-бірімізге күлімсіреп қарап, алғыс айтып жүретін болсақ, біз одан ештеңе ұтылмаймыз. Керісінше ұтамыз және байи түсеміз. Сіздерге көп рахмет. Үйлеріңіз мереке мен берекеге толы болсын, - деп жиналған қауымды құттықтаған режиссер Сатыбалды Нарымбетов фильмді көруге шақырды.

Фильмнің соңынан қонақтарға естелік сыйлықтар таратылды.

Фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды: XIX ғасырдың орта тұсы – Кенесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. Фильмде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры баяндалады. Қазақ халқының болашағына алаңдаған фильмдегі әр кейіпкердің тағдыры өз заманында суреттелсе де, олардың алға қойған мақсат-мүдделері бір – ар-ождан бостандығы бар, Тәуелсіз  Қазақстанның  ірге-тасын бекіту.

Айта кетсек, «MobileDalaFilm» жобасы авторлары осыған дейін «Қазақфильм» киностудиясының фильмдерін Алматы қаласы, Алматы облысы және Жезқазған қаласының мектептерінде және балалар үйінде, сондай-ақ Батыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарының ауылдарында қайырылымдық көрсетілімдер ұйымдастырған. Аталмыш жобаның басты мақсаты шалғайдағы ауыл тұрғындарына қазақстандық кино туындыларды таныстыру.