Хореография академиясы мен Назарбаев зияткерлік мектептері білім саласындағы ынтымақтастықты дамытады

 Хореография академиясы мен Назарбаев зияткерлік мектептері білім саласындағы ынтымақтастықты дамытады

Ректор – Алтынай Асылмұратова объектінің бірегейлігі, балаларды хореография өнеріне оқыту үрдісі жөнінде атап өтті. Өз кезегінде басқарма төрайымы – Күләш Шамшидинова екі оқу орнының үйлесу шеңберін, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жобаларын тілге тиек етті.

Келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтың келесі бағыттары атап көрсетілді: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ мұғалімдерді кәсіби дамыту, білім беру мазмұнын жаңарту саласындағы тәжірибені көрсету, Академияның басшылары мен педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; тәжірибе мен білім алмастыру, сондай-ақ кітапхана қорын жаңарту және кітапханашылардың инновациялық жұмысы саласындағы ынтымақтастық.

Қазақ ұлттық хореография академиясының жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Педагогикалық шеберлік орталығы базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің хореографтары академияда мастер-кластар өтеді.

Бұдан басқа, тараптар хореография саласында Қазақстанның барлық жалпыға білім беру мектептері үшін арнайы бағдарламаны әзірлеуді шешті. 

Сондай-ақ 2017 жылғы 12 сәуірде Назарбаев Зияткерлік мектептерімен, «Жасұлан»республикалық мектебімен және Қазақ ұлттық хореография академиясымен «Кітап сыйлау күні» бірлескен акциясын өткізуге шешім қабылдады.