Конкурстың негізгі мақсаттары – көпұлтты елімізде тұратын халықтардың тілдерінде жаңа әндерді шығару және тарату арқылы балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту, сондай-ақ ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
«Бала дауысы» конкурсының ашылуына арналған қайырымдылық концерті 2017 жылдың 12 мамыр мен 15 қараша аралығында өтетін ауқымды республикалық шығармашылық марафонының бастамасы болады. Естай атындағы Мәдениет сарайының сахнасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жаңа әндермен қатар, танымал хиттерді орындайтын бірінші маусымның финалистері өнер көрсетеді.
«Бала дауысы-2017» конкурсының екінші маусымын Конкурстың идея авторы Әлия Назарбаева ашады. Бұл кеште көрермендер осы жылы танымал қазақстандық орындаушылардың ішінен кімдер тәлімгер болатынын хабардар болады. Тәлімгерлер еліміздің әр аймағынан мыңдаған балалардың ішінен 16 жартылай финалистті таңдайды.
12 мамырдан 21 маусымға дейін музыкалық продюсерлер, композиторлар мен танымал орындаушылардан тұратын «Жандану әлемі» Қорының шығармашылық тобы 7 мен 12 жас аралығындағы балалардың арасында іріктеу өткізу үшін республиканың барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларына барады. Тыңдауға келген әр бала Конкурс ұйымдастырушыларының естелік сыйлықтары мен дипломдарына ие болады, ал музыка және ән айту бойынша ұстаздарына оқу-әдістемелік құралы беріледі.
Күзде әр облыстың ең үздік дауысты балалары Қазақстанның Балалық шақ бесігі – Ұлттық «Бөбек» орталығында есігін айқара ашатын «Бала дауысы» Музыка Мектебінде білім алады. Бұл мектепте балалар сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік сабақтарына қатысады және Конкурстың ақтық бөліміне дайындық жүреді. Бір айдың көлемінде әр сенбі сайын телекөрермендер жас таланттардың жартылай финалдық концерттік бағдарламаларда көрсеткен өнерлерін бағалай алады. Бірінші күні балалар аңызға айналған қазақ әндерін орындап актерлік шеберліктерін көрсетсе, екінші күні тәлімгерлердің хит әндерін орындайды. Ерекше және қайталанбас финал Алматы қаласындағы Республика Сарайының сахнасында тікелей эфирде өтеді: балалар өздерінің тәлімгерлерімен дуэтте миллиондаған телекөрермендерге жаңа балалар әндерін сыйға тартады.
«Бала дауысы-2017» жеңімпазын таңдау құқығы кәсіпқой қазылар алқасына және СМС-дауыс беруге қатыса алатын телекөрермендерге беріледі.
Барлық 16 финалистер арнайы марапат иегерлері атанады, ал ең үздік бала дауысы еліміздегі таңдаулы музыка мектептерінің бірінде Грант түрінде оқуға мүмкіндік және ғажайыптар әлемі Диснейлендке жолдама алады.
Ұлттық «Бала дауысы-2017» балалар ән конкурсының нәтижесі бойынша Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, еліміздегі балабақшалар мен мектептерге жаңа балалар әндерін сыйға тарту етеді.