Алғыспенен ел көгерер

Алғыспенен ел көгерер

Дөңгелек үстел мақсаты қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүірне негізделген. Жиынқорық-мұражай директоры Жандос Әубәкірдің алғыс айтуымен ашылды.

Кездесуге «Ахыска» Түрік Мәдениет орталығының директоры Яша Идирисов, түрік мәдени орталық директорының орынбасары Хасан Алимов, Түрік ақсақалдар алқасының төрағасы Хамза Алиев және тарихи мәдени этнографиялық орталығының қызметкері, «Жас қанаттар жастар» ұйымының төрағасы И.Омаралиев келіп, өз тілектерімен ниеттерін білдірді.

Кездесуге келген түрік ағайындар айтулы мерекемен бүкіл қазақ халқын құттықтай келе, қазақ бауырларына шексіз ризашылығын және Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдау білдіріп, Елбасымызға деген зор ықыластарымен бөлісті. Жиында сөз алған Яша Идирисов «Тағдыр тауқыметін тартып қазақ жеріне күштеп жер аударылып келген кезде қазақ халқындай пейілі кең халықтың ортасына келіп тұрақтап өмір сүріп жатқаныма шүкіршілік етемін. Мен осы Түркістан топырағында дүниеге келдім, менің Отаным Қазақстан. Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан қазақ халқы бізді өз бауырындай қабылдағанын ешқашан жадымыздан өшірмей ұрпақтарымызға да насихаттап отырамыз» - деп ыстық ықыласын көпшілікке жеткізді.

Кездесу сонында, Түрік Мәдениет орталығы атынан қорық-мұражайдың кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты, ал,келген меймандарға мұражай өнімдерінен тұратын сый сияпаттар табысталды.