
Трап жаттығуы бойынша юниорлар арасында Сарсенкүл Рысбекова (ОҚО) 68+0 ұпай санымен мергендік сайысында Ресейлік спортшы Полина Князевадан (68+1) бір ұпай артта қалып, күміс медалды жеңіп алды.
Трап жаттығуында Артем Чикулаев (Алматы қ.) Ресейлік спортшылардан кейін 114 ұпаймен қола медалды иеленді.
«Скит» жаттығуы бойынша юниорлар арасында Эдуард Ещенко (Алматы қ.) 116+3 ұпай санымен күміс жүлдені жеңіп алса, Британдық спортшы Фейрклау Джек 118 ұпаймен алтынды қанжығалап кетті.
Осы жаттығуда қола медаль 116+2 ұпай санымен Давид Почиваловқа (ОҚО) бұйырды.
Бұл спортшылардың барлығы Ату спорты түрлерінен ресупбуликалық олимпиадалық даярлау орталығының ауыспалы құрамының тәрбиеленушілері болып табылады.