Таразда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысының қатысуымен жиын өтті

Таразда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысының қатысуымен жиын өтті

Жиын барысында Қуатжан Уәлиев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәселен, жолдауда айтылған 5 негізгі басым бағытты кеңінен түсіндіріп, халыққа  жеткізді. Аталған  жиынға  қатысқан  музей, театр, кітапхана тағы да басқа  мәдениет саласының  қызметкерлері жауапты хатшы  Қуатжан Уәлиевке аймақтағы мәдениет салаларына қатысты сауалдар жолдап, толымды жауаптар алды. Сонымен қатар, жауапты хатшы алдағы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі жөнінде министрліктің атқарып  жатқан  жұмыстары  туралы  жан-жақты баяндады.