
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова шетелдік журналистер қауымымен кездесті. Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Прогресс» ғылыми-практикалық конференция аясында өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласына келген журналистердің қатарында The Diplomat in Spain ақпараттық агенттігінің бас редакторы Рубио Паиллоле, «Фахти» басылымының журналисі Елена Симидчиева, «Аргументы и факты» газетінің журналисі Александр Выползов, Al Usra Al Arabia журналисі Мохаммед Саад Аббас Солиман, Al Wahed агенттігінің журналисі Самир Ал Саади Мохаммед, «Комсомольская правда» журналисі Станислав Вырыханов, Media Hub басылымының бас редакторы Абдулвахитоглы Абдурахман болды.
Кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова журналистер қауымына Қазақстанның мәдениетіне, туризм мен спорт саласына деген қызығушылықтары үшін алғысын білдірдіп, шығармашылық табыс тіледі.
«Сіздерді, жетекші басылымдардың өкілдерін қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазақстандық мәдениет, туризм және спорт саласына көрсеткен қызығушылықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Әр мәдениеттің менталитетінің, мінез-құлқының, мәдени бейімділіктері мен ерекшеліктерінің өзіндік мәдени коды бар екендігімен келісесіздер деп ойлаймын. Мұны білмеу іскерлік және мәдениетаралық коммуникацияларды орнату мен дамытуға кедергі болады. Сондықтан біз әлемнің барлық елдерімен көпвекторлы қағидат бойынша мәдени ынтымақтастықты сақтап, мүмкіндігінше олармен байланыс орнатуға тырысамыз.
Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы орайда барлық өткізілетін мәдени, спорттық іс-шаралар еліміздің тұғырлы Тәуелсіздігіне арналады.Мәдениеттің барлық саласында «Жаңа қазақ толқыны» өкілдерін байқаған боларсыздар. Олардың халықаралық аренадағы жарқын жеңістері жаhан жұртшылығын таң қалдырды. Осы жас таланттардың әрқайсысы қазақстандық мәдениеттің бірегей өкілі. Соның ішінде, Димаш, Иманбек, Данэлия, Рухия және Golden Time Talent байқауының жеңімпаздары Ернат пен Темірланда Тәуелсіздіктің ұрпақтары. Олар 30 жыл бойы еліміздің мәдениетінің даму деңгейімен бірге өскен ұрпақ.
Мәдениеттердің өзара әрекеттесуі, олардың диалогы этносаралық, ұлтаралық қатынастарды дамытудың ең қолайлы негізі болады. Өзінің де, өзгенің де мәдениетін құрметтеу – қазіргі Қазақстанның басты міндеттерінің бірі. Кез келген халықтың мәдениеті – өзіне тән тектік белгілері бар тірі организм секілді, ата-бабаның жады мен дәстүрін сақтайтын жүйе. Біз - бейбіт халықпыз. Тарихы өткеннен бастау алған қазақ мәдениеті – бейбітшілік, толеранттылық, жақынына көмек, руханият пен жасампаздықтың тасымалдаушысы. Кез келген елдің бізбен достастығы ортақ мәдениеттер мен құндылықтарды рухани байытуға негізделген құрлықаралық ынтымақтастықтың үлгісі болады.
Сіздер журналистер, төртінші билік өкілдері ретінде – халқымызды байланыстарын және өзара байытатын шындықтың хабаршыларысыздар. Біздің елдер арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастарды нығайтуға, мәдениет, туризм және спорт саласындағы жан-жақты тең және өзара тиімді ынтымақтастықты, халықтарымыз арасындағы достық пен өзара түсіністік нығайтуға деген ұмтылысымызды жүйелі әрі нақты етіп жеткізесіздер деп сенім артамыз»,- деді Мәдениет және спорт министрі.