Арли Чонтей Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Арли Чонтей Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей 55 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Спортшы жұлқа көтеруде 113,116 және 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 137, 140 және 142 келіні көтерді. Отандасымыздың қорытынды нәтижесі-260 кг.

7 - 17 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде.

29 жастағы зілтемірші осыған дейін 2018 жылы өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, осы жылғы Азия чемпионатында да жеңіс тұғырынан көрінген болатын.