
Бүгін, 6 желтоқсанда (сағат 18-00-де) «Астана» концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен XІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты мен гала-концерт өтеді.
Отандық авторларды қолдау, театрлар мен концерттік ұйымдардың репертуарларын жаңа туындылармен толықтыру, өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі XІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын ұйымдастырған болатын.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) «Әбу Насыр әл-Фарабиге немесе Абай Құнанбайұлына немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік музыкалық туынды»;
2) «Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік драматургиялық туынды»;
3) «Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар үшін үздік әдеби туынды»;
4) «Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік поэзиялық туынды»;
5) «Жыр алыбы – Жамбыл» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»;
6) ««Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа арналған үздік көркем туынды».
Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылдың 20 қарашасына дейін музыкалық шығармалардың авторлары XVI Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетіне өтінімді ұсынды. Ал қазақстандық өнер қайраткерлерінен құрылған қазылар алқасы конкурс жеңімпаздарын анықтап берді.
Қорытынды гала-концертте Конкурстың жеңімпазы атанған авторлардың шығармалары орындалады.