«Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіруге» арналған брифинг өтті

«Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіруге» арналған брифинг өтті

Бүгін, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі еліміздегі топонимикалық атауларды ретке келтіру мақсатында «Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру» жобасын талқылауға арналған брифинг өткізді.

Жоба мақсаты – Республикадағы ономастикалық қызметті ретке келтірудің негізгі ғылыми дәйектерін басшылыққа ала отырып, елді мекен атауларына қатысты тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру және тарихи ономастикалық атауларды қалыпқа келтіру, жүйелендіру.

Сондай-ақ биылғы жылы аталған жобаны мемлекеттік сатып алу арқылы «KAINAR»  кәсіби дайындықтың жоғары мектебі»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алған болатын. Бүгінгі күні серіктестік техникалық ерекшелікке сәйкес жұмыс тобын құрып, жұмыстар атқарып жатыр.

Брифинг жұмысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Ономастика басқармасының басшысы  Елерке Төреханның кіріспе сөзімен ашылды.

Брифингте бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.