
9 желтоқсанда (сағат 11:00-де) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік шеруі» атты мерекелік іс-шара өтеді.
«Тәуелсіздік шеруі» мерекелік іс-шарасы аясында:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қорынан «Тәуелсіздік жетістіктері» көрмесі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің жетістіктері» фильмінің көрсетілімі;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жасұлан» мектебінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының музыкалық тобының қатысуымен әскери шеру;
-ақын-жазушылар, ғалымдар, тарихшылар, этнографтар, мәдениет және білім беру саласының мамандарымен шығармашылық кездесулер;
- М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының театрландырылған қойылымы;
- Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму тарихына арналған деректі және көркем фильмдердің көрсетілімі».
Байланыс телефондары: 8 727 264-46-50, 264-55-77