
Бүгін, 6 желтоқсанда (сағат 17:00-де) Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында (23-15 көшесі, 8/1) өзбек киносы күндерінің салтанатты ашылуы өтеді.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орайластырылған мәдени іс-шара Өзбекстанның белгілі кинорежиссерлері мен актерлерінің қатысуымен өтеді.
Кинематографистер делегациясын бастап келген «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов.
Қазақстан тарапынан бұл іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ еліміздің кино өнерінің көрнекті қайраткерлері қатысады.
БАҚ аккредиттеу үшін байланыс нөмірі:
+ 7 (707) 933 59 17 Әсел Серікпаева