Австрия, Италия және Қазақстан әртістері «Астана Опера» сахнасында қайырымдылық концертінде өнер көрсетеді

Австрия, Италия және Қазақстан әртістері «Астана Опера» сахнасында қайырымдылық концертінде өнер көрсетеді

Концертке сондай-ақ атақты италиялық маэстро Марко Боэмидің дирижерлік етуімен «Астана Опера» Симфониялық оркестрі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың басқаруымен «Астана Опера» хоры қатысады.

Сахнаға классикалық музыка майталмандарымен бірге алты жасар Лиза Хижняк шығады. Ол анасының жүзін де, күн сәулесін де ешқашан көрмеген. Бірақ керемет дауысы бар дарынды бала. Ұйымдастырушылар Лизамен бірге қараңғыдан жарыққа ұмтылуға шақырады. Концерттен түскен қаржы түгелдей зағип балаларға жәрдемдесуге жұмсалмақ.

«Дара» қайырымдылық қоры көру қабілеті шектеуліжандардыңбейімделуіне өз үлесін қосып келеді. Қор қызметкерлері Қазақстанда инклюзивті қоғам, яғни мүгедектер өзгелермен тең дәрежеде өмір сүре алатын ортаны қалыптастыруға күш салады.

Астана тұрғындары мен қонақтарына қазақ және батысеуропалық шығармалардан ариялар (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, Г. Доницетти, Дж.  Пуччини), оркестр шығармалары («Жарқанат» опереттасына увертюра, И.Штраус - «Аңшылықтағы полька», Е.Рахмадиев - «Құдаша»), неополитандық әндер, Л.Армстронг пен Дж. Гершвиннің музыкасынан попурри және басқа да туындылар ұсынылады. 

Концерт корпоративтік қайырымдылыққа арналған үлкен форумның бір бөлігі ғана. Форум 24-25 ақпан күндері Астанада өтеді. Іс-шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырып отыр.

Концерт 24 ақпанда болса, 25 ақпанда әлеуметтік жобалардың «Мен сенемін» атты ашық конференциясы тұңғыш рет өтеді. «Мен сенемін» - теңдессіз әлеуметтік жобалармен айналысатын 12 замандасымыздың жүрекжарды лебізі. «Мен сенемін» - заманымыздың қаһармандары басшылыққа алған өмірлік қағида. Біз, ұйымдастырушылар, әлеуметтік салада бәріміз жұмылып игі істерді жүзеге асыра алатынымызға сенеміз.