
Қазақстандық спортшылар Денис Никиша мен Абзал Ажғалиев 500 метр қашықтықта алтын және күміс жүлделердің иегерлері атанды.
Д. Никиша жарысты 41,219 секунд уақыт көрсетіп жеңіске жетсе, А. Ажғалиев бұл қашықтықтағы уақыты 41,436 с құрады. Үшінші орынға канадалық Франсуа Амлен, ал Оңтүстік Корея спортшысы Ким Чон Чхун төртінші орынға табан тіреді.
Айтып кету керек, 1000 м қашықтықта қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев екі дүркін қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар 5000 метрге эстафетада спортшыларымыз үшінші орын алды.