
2011 жылдың 31 қаңтарында Астана және Алматы қалаларында 7-ші Қысқы Азия ойындары барысында келесі Азия ойындарын Жапонияның Саппоро және Обихиро қалаларында өткізу шешімі қабылданды. Осымен Азия ойындары Саппоро қаласында үшінші, ал Жапонияның өзінде төртінші рет өткелі жатыр.
Қазақстанның спорттық делегациясы бұл жарысқа егемен мемлекет ретінде алтыншы қатысуда. Тәуелсіз команда болып Қазақстан «Ақ Азиадаға» алғаш рет 1996 жылы Харбин қаласында (Қытай)қатысты. Бұл додада еліміз 14 алтын жүлдемен екінші жалпыкомандалық орынға табан тіреген болатын. 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өткен Азия ойындарында отандық спортшылар ресми емес командалық есепте бірінші орын алды.
2017 жылы Саппорода өтетін ойындарда 11 спорт түрінде 64 жүлде топтамасы сарапқа салынады. Додаға 116 қазақстандық спортшы қатысып, барлық спорт түрінде бақ сынайды.
Қазақстандық команданың құрамына Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева (барлығы – мәнерлеп сырғанау), Роман Креч, Денис Кузин, Екатерина Айдова (барлығы – конькимен жүгіру спорты), Дмитрий Рейхерд (фристайл-могул), Алина Райкова, Галина Вишневская (барлығы – биатлон), Николай Чеботько (шаңғы жарысы), Марат Жапаров (трамплиннен шаңғымен секіру).
Азия ойындарының Қазақстан спорт делегациясының туын алып жүрі мәртебесі шаңғы жарысынан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Ердос Ахмадиевке тапсырылды.

