
Іс-шара барысында т.ғ.к., М.Қ.Тұяқбаев Ескі Иқан ауылының аумағындағы ескерткіштердің тарихын баяндады. Сондай-ақ Жүсіп ата кесенесі, қоныстары жайлы, қазіргі таңдағы сақталу жағдайы туралы әңгімелеп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Инспектор А.Кәрім «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі заңымен және де ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарын арнайы әзірленген презентация арқылы таныстырды.Келген ауыл тұрғындарына қорық-музей қорынан «Елдікті танытқан жәдігерлерді қорғау-азаматтық парыз» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды.Сонымен қатар,ауыл орталығында орналасқанОҚО тарихи-өлкетану мұражайына қарасты «Міртемір әдеби мұражайына» танысу экскурсиясы ұйымдастырылып, қорық-мұражайдың баспа өнімі «Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» тарихи-танымдық жинағы сыйға берілді.
Қорық-мұражай мен ауылдық округ әкімшілігі арасында ескерткіштерге тұрақты түрде сақтау мақсатында қорғау міндеттемесіне қол қойылды. Ауыл әкіміне қорық-мұражайдың баспа өнімдері «Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» тарихи-танымдық жинағы және «Ясауи мұрасы» газеті сыйға берілді. Қорық-мұражайдың күнделікті жаңалықтары, тың мақалалар, өткізген іс-шаралары жарияланатын аталмыш газетке жазылуға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында ауылдық округ әкімі қорық-мұражай ұжымына тұрғындар атынан өз алғысын білдірді.

