
Алматыда өткен төл Универсиадамыз қазақстандық спорттың тарихында алтын із қалдыратындығы сөзсіз. Жалпы осы ойындар барысында спортшыларымыз 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстанның Универсиадаға толыққанды қатысуының 1993 жылдан бастан алатын тарихында командамыз бұндай жетістікке бұрын-соңды жетпеген болатын.
Қазақстан қысқы Универсиадаларда жеңіп алған жүлделер есебі бойынша көрсеткен үздік нәтижесінен үш есе артық жетістікке жетті. 2015 жылы Гранадада (Испания) өткен Универсиада барысында отандық спортшылар түрлі деңгейдегі 11 жүлде иеленген еді.
Еліміздің құрамасы өзінің соңғы көрсеткішінен жарыстардың төртінші күнінде-ақ асып түскендігін айтып кету керек.
2017 жылғы Универсиаданың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының спортшылары екінші жалпыкомандалық орынға табан тіреді. Түрлі дәрежедегі 70 жүлдеге қол жеткізген Ресей Федерациясының құрама командасы рейтингтің көшбасшысына айналды.
Универсиаданың жабылу салтанатын бүгін «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.