Сергей Малышев 2017 жылғы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Сергей Малышев 2017 жылғы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Ақтық спринтте Малышев екі ресейлік спортшыдан жеңілді. Алтын және күміс жүлделерді сәйкесінше Дмитрий Ростовцев пен Валерий Гонтарь жеңіп алды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Виталий Пухкало мәреге төртінші болып жетті.

Қазақстан құрама командасы үшін бұл жүлде осы Универсиададағы 35 медаль болып табылады. Жалпы қоржынымызға 11 алтын, жеті күміс және 17 қола жүлде түсті.