
Астанада өткізілудің үшжылдық тәжірибесі бар халықаралық байқау бұл шығармашылық додаға жылдан жылға қызығушылықтың артып келе жатқандығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін әлемнің 16 мемлекеті мен 30 қаласының жас дарындары өз өтініштерін жіберді.
Дәстүр бойынша алдағы болатын байқауға Ресей, Қазақстан және Украинаның жас орындаушылары қатысады. Биылғы додаға олардың қатарына Франция, Корея, Австралия, Малайзия, Сербия, Боливия және басқа мемлекеттердің өкілдері қатысады.
Байқаудың шарттары бойынша байқауға дайындық барысында жас қатысушылар қазақстандық композиторлардың туындыларын орындауға үйренеді. Бұл үлкен музыка жолына жаңа шығып жатқан музыканттар арасында отандық мәдениетті дәріптеуге септігін тигізеді.
Астанада өтетін аталмыш іс-шараны дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тұратын жүз мыңдаған адамдар онлайн көрсетілімде қарап, кәсіби форумдарда талқылайды.
Astana Piano Passion Классикалық музыка және жас пианистердің байқауын Орталық Азиядағы классикалық музыка әлеміндегі ең ірі іс-шара деп атауға болады.
Тек 2015 жылы пианистердің концерттері мен балалардың тыңдалымдарына бір аптаның ішінде 20 мыңнан астам адам келді. Музыканттар дәстүр бойынша елорданың ең үздік залдарында өнер көрсетеді.
Astana Piano Passion жас пианистердің байқауына өтініштерді қабылдау 2017 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. 18 жасқа дейінгі балалар, музыкалық оқу орындарының тәрбиеленушілері өтінішті http://astana-app.kz/ сайтында онлайн бере алады. Байқаудың жүлделік қоры 60 мың АҚШ долларын құрап, байқаудың көркемдік жетекшісі, Ресей Халық әртісі Денис Мацуевтың атынан арнайы жүлделер қарастырылған.
Толығырақ www.liter.kz сайтында.