Қазақстандық жас боксшы қыздар Швециядан жүлделі оралды

Қазақстандық жас боксшы қыздар Швециядан жүлделі оралды

Құрама қоржынына Golden Girl туринирінің алғашқы алтын жүлдесін 80 кг дейін салмақ категориясында өнер көрсететін 15 жасар Елдана Тәліпова салды. Дарынды спортшымыз ақтық мәреде ирландиялық Лорен Райанмен кездесіп, алғашқы раундта жеңіске жетті. Төрешілер кездесуді басталуынан 90 секунд өткен соң тоқтатты.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Надежда Рябец (69 кг дейін) бірнеше күрделі кездесуде қарсыластарынан басым түсіп, ақтық кездесуде канадалық Чарли Каваноны төрешілердің бірауыздан дауыс беруімен жеңіп шықты.

Алматы облысының жасөспірім тумасы Гузаль Садықова командамыздың есебіне тағы бір алтын жүлде тікті. 75 кг дейінгі салмақ категориясындағы финалда ол тағы бір қазақстандық спортшымыз Салтанат Естаевамен кездесті.