Ғасырлар тоғысында

Ғасырлар тоғысында

Аталған кеште талантты музыканттар – пианиношылар Вячеслав Узбеков, Эльмира Сұлтанғазина, Данияр Есімханов, Гүлдана Төлепберген, Ілияс Өзбеков, скрипкашы Балнұр Құдайберген және кларнетші Алмаз Тоқпанов өнерін паш етеді.

Концерт бағдарламасында А.Скрябиннің фортепианолық шығармалары. Авторлық стилінің ерекшелігі, өткірлігі мен жаңашылдығы арқылы Александр Скрябиннің шығармашылығы екі жүзжылдық тоғысындағы қызу кезеңнен және жаңа, жиырмасыншы ғасырдан сыр шертеді.

Әйгілі композитор және шебер пианиношы С.Прокофьевтің ең танымал шығармаларының бірі – ақын Б. Веринге арнаған №3 сонатасы, ля минор, ор.28 орындалады. Мұнымен қатар, тыңдарман назарына Э.Элгардың Мари Джошуаға арнап жазғанскрипка мен фортепианоға арналған сонатасы, ми минор, ор.82 ұсынылмақшы. Эдуард Элгардың жарқын да көркем, әуені әсерлі музыкасы романтикалық бағыттағы әйгілі шығармалардың қатарында.

Сондай-ақ, көрерменге Клод Дебюссидің кларнет пен фортепианоға арналған №1 (L 116) рапсодиясы ұсынылады. Шығармада француздық композитор-импрессионистке тән талғампаздық, қиялшылдық, жұмбақ әлемге бейімділік, нәзіктік пен бай мәнерлілік көрініс тапқан.