
Мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, ҚР МСМ Мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы Мырзатай Жолдасбеков жиналысты алғысөзбен ашты.
«Өткен аптада Мемлекет басшысы ел тұрғындарына арналған жыл сайынғы Жолдауын жария етті. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Президентіміздің сарабдал және көреген саясатының арқасында Қазақстан құлдырап жатқан, экономикасы құлап жатырған мемлекеттен гүлденіп жатырған мықты елге айналды», - деді М. Жолдасбеков.
Мемлекет қайраткерінің пікірінше, Президент Жолдаулары секілді стратегиялық құжаттар мемлекеттілігіміздің тұрақтануы мен нығаюында, ел өміріне маңызды барлық салалардың дамуында, мемлекеттік имидждің әлемдік деңгейде күшеюінде ең маңызды рольдердің бірін ойнайды.
Қазақстандық шахматист, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова жас қазақстандықтардың атынан Жолдаудың негіз қалаушы құжат ретіндегі маңызы туралы өз пікірін білдірді.
«Біз өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізді Қазақстанның дамуына жұмсауымыз қажет. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент даму басымдылықтарының бірі ретінде адам капиталы сапасының жақсаруын айтып кетті. Бұл жерде негізгі роль білім беру жүйесінің өзгеруіне артылады, - деді әлемнің шахматтан төрт дүркін чемпионы. – Білім беруді экономикалық өсудің жаңа үлгісінің орталық буынына айналдыру бойынша міндет қойылды. Оқу бағдарламалары баланың сыни ой-санасы мен ақпаратты өз бетімен іздеу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталуы тиіс. Бұл жерде, менің пікірімше, шахматтың маңызы ерекше зор».
«Шахматтар мақсат қойып, оған жету мен жеңуге үйретеді», - деп пікірін түсіндірді Д. Сәдуақасова.
ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов Жолдаудың негізгі 5 басым бағыты – елдің одан әрі қарай дамуына, экономика, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, институционалды өзгерістер, қауіпсіздікті сақтау мен сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталғандығын айтып өтті.
«Осы барлық бағыттар әрбір қазақстандық үшін өте маңызды. Осыған орай Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық топтар құрылды. Олардың құрамына Қазақстанның барлық аймақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін министрліктер мен ведомстволардың басшылары енді», - деп хабарлады Қ. Асылов.
Отырысты қорытындылай келе Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков Елбасы өз Жолдауында әрбір қазақстандықтың көкейінен тесіп, толғандырып және ойландырып жүрген нәрселерді көрсетті деген пікір білдірді.
«Ұлттық Тәуелсіздігіміз, мемлекеттік егемендігіміз туралы айтқан кезде ең алдымен баршамыз экономика, армия және т.б. нәрселерді еске түсіреміз. Алайда, ең бастысы ұлттық рух болмаған жағдайда, экономика да, армия да болмайды деп ойлаймын. Өйткені ұлттық рух – ол мемлекеттің тірегі. Сондықтан, менің ойымша, барлық нәрсе мәдениеттен бастау алады», - деп қорытындылады А. Башмаков.
Жиналысқа Мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, министрлікке бағынысты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, жас ғалымдар, еліміздің мәдениет және спорт зиялы қауым өкілдері қатысты.
