
Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтарында жария еткен Жолдауы бойынша Қазақстан Халық әртісі, Әлем әртісі, Еңбек Ері, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, ҚР Еңбегі сінген қайраткері Әкім Әшімов, «Музыкатану кафедрасының меңгерушісі, өнер тану кандидаты, профессор Гүлнар Әлпейісова, және т.б. өз баяндамаларымен сөйледі. ЖОО білім алушы жастарының атынан «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Айболат Оспанов пен «Драматургия» мамандығының 2 курс студенті Ерлік Сапабеков өз ойларымен бөлісті.
Жиналысты ашу сөзінде Айман Қожабекқызы 2017 жылдың алғашқы айының оқиғалары бүгінгі заманның ырғағы мен динамикасын, ел Президенті Н. Ә. Назарбаев атқаратын жұмыстың қарқындылығын, Ұлт көшбасшысының Қазақстанның нығаюы мен одан әрі гүлденуі жолында уақытылы да тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндігін айқындай түскендігін тілге тиек етті.
«Елбасы жолдауы өткен жылдың саяси және экономикалық шындығын есепке ала отырып, республикамыздың даму стратегиясы, болашағы мен басылымдықтарын ашып көрсетеді. Жолдаудың негізгі үндеуі оның атауынан көрінеді - Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Біз бұл маңызды құжатты ел бәсекеге қабілеттілігн арттыруға және 2050 жылға дейін әлемнің үздік 30 мемлекеті қатарына енуге бағытталған кешендік жоба ретінде қарастыруымыз қажет», - деді ректор.
Халық әртісі республика экономикасының өсімін орта әлемдік деңгейден жоғары болуын қамтамасыз ететін және дүниежүзінің ең дамығын отыз мемдекетінің қатарына енуге септігін тигізетін Жолдаудың бас маңызды бағытына тоқтап кетті.
«Жолдауда жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтитын жастарды тегін біліммен қамту және тиісінше «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылады, - деп түсіндірді А. Мұсақожаева. – Жобаның маңызы, соның ішінде, кәсіби стандарттарды жаңарту мен білім берудің барлық деңгейлерін жұмыс нарығының талаптары мен әлемнің үздік тәжерибелеріне сәйкестендіруде. Бұл бағытта Қазақ ұлттық өнер университеті тарапынан белгілі бір қадамдар іске асырылды. Жоғары оқу орнының барлық мамандықтары Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде мамандандырылған аккредитациядан өткізілді. Бельгиялық агенттікте халықаралық аккредитациядан өтуге дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр».
Айман Мұсақожаеваның пікірін шығармашылық оқу орнының оқытушылары мен студенттері қолдады.
«Елбасының Жолдауы барлық Қазақстан азаматтарының, әсіресе қазақстандықтардың жас өкілдерінің алдында даму мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Қойылған міндеттердің жемісті орындалуы бізге, біздің жігерімізге тікелей байланысты», - деп пікірін білдірді Айболат Оспанов.
Отырыс соңында барлық қатысушылар Қазақстанның жуық арадағы болашағы, саяси және экономикалық деңгейі, ғылым мен өндірістегі жетістіктері, әлемдегі мәдени имиджі әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігіне тәуелді болып табылады деген пікірді білдірді.

