Қазақстанның биатлон құрамасы күміс жүлдеге ие болды

Қазақстанның биатлон құрамасы күміс жүлдеге ие болды

Жарысқа алғаш болып кіріскен Галина Вишневская бір қате жіберіп, қарсыластарын 30 секундқа басып озды. Одан кейін додаға түскен Дарья Усанова қарсыластардан басымдылықты 1 минут 20 секундқа дейін арттырды.

Василий Подкорытов үшінші болыр шығып, төрт қате жіберудің кесірінен айып айналымына кетуге мәжбүр болды. Екінші атыс барысында қазақстандық бір қате жіберді, дегенмен қарсыластардан басымдылығымыз 15 секундқа дейін кеміді.

Қазақстандық эстафетаны Антон Пантов аяқтады. Алғашқы от шегін қатесіз өткен ол, өкінішке орай екінші шепте екі қате жіберді.

Нәтижесінде алтын жүлделерді Ресей құрамасы жеңіп алды. Қазақстандықтар – екінші, ал үшінші орынға Украина табан тіреді.