Екатерина Айдова Универсиаданың екінші қола жүлдесін жеңіп алды

Екатерина Айдова Универсиаданың екінші қола жүлдесін жеңіп алды

Айдова жарыс басында үздік көрсеткішпен келе жатқанымен, ақтық мәреде тек үшінші уақыт көрсетті - 1:19.53. Жарыс жеңімпазы ресейлік Александра Качуркина атанса, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасының спортшысы Ким Хьюн-Юн табан тіреді.

Еске салып кетсек, бұл жүлде Айдованың 2017 жылғы Универсиададағы екінші қола жүлдесі. 1500 қашықтықта да спортшымыз үшінші орынға ілікті.