Елбасы Жолдауын Семейдің Мәдениет қызметкерлері талқылауда

Елбасы Жолдауын Семейдің Мәдениет қызметкерлері талқылауда

Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков Елбасы жариялаған Жолдаудың ерекшелігі мен негізгі даму бағыттарына жан-жақты тоқталып, міндеттерге назар аударды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасып, Семей қаласының «Мәдениет сарайында» мәдени мекемелерінің қызметкерлері мен БАҚ-ның өкілдеріне арналған кездесу өтті. Шараға арнайы Абай қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Бұл тұрғыда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к.  Н.Ғазизова Елбасының Жолдауы бойынша арнайы лекция оқыды.

Кездесу аясында Мәдениет саласының үздігі, «Мәдениет сарайының» директоры Н.Иманбаев, Мәдениет қайраткері, «Халықтық ақындар» орталығының жетекшісі Д.Омарбаева өз пікірлерін білдірді.

Нашар көретін азаматтарға арналған «Шамшырақ» клубының жетекшісі М.Алиакпаров, Халықтық «Айша бибі» фольклорлық ансамблінің жетекшісі А.Ибрайқызы көкейкесті сауалдарын қойып, сарапшылар тарапынан толыққанды жауаптарын алды.

Жаңғырту жолдарына басымдық берген бұл Жолдаудың мәні мен маңызы ерекше.