«Әзірет Сұлтанда» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы үндеуіне байланысты жиын өтті

«Әзірет Сұлтанда» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы үндеуіне байланысты жиын өтті

Жиналысқа «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының толық құрамды қызметкерлері қатысты.

Жиналысты «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір ашып, жүргізді. Жиналыс барысында қорық-мұражай қызметкері Б.Байболов арнайы үндеуге байланысты баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиналыс қатысушылары алда тұрған конституциялық реформаларды толығымен құптап, барлық қазақстандықтарды белсенді азаматтық позиция ұстануға үндеді. 

Жиын соңында қорық-мұражай директоры Ж.Әубәкір билік өкілеттіктерін Парламент пен үкіметке бөліп беру оларға деген сеніммен қатар, Парламент пен Үкіметтің, Президент және халық алдындағы жоғары жауапкершілікте болуын білдіретінін тілге тиек етті.