«4 аймақ – 4 бағыт» - «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық археологтардың жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді

«4 аймақ – 4 бағыт» - «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық археологтардың жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» іргелі мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «4 аймақ – 4 бағыт» - «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық археологтардың жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық онлайн дөңгелек үстелін өткізеді.

Іс-шара мақсаты: Тәуелсіздік жылдарындағы 30 жыл ішінде Қазақстанның археология саласындағы жетістіктерін талқылау.

Талқылау тақырыптары:

  1. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан археологиясының жетістіктері

  2. Қазақстандағы мәдениет тарихы ескерткіштерінің ғылыми маңызы және сақталуы.

  3. Қазақстан археологтарының теориясы мен тәжірибесі.

Іс-шараны өткізу форматы:  

Дөңгелек үстел онлайн форматта "ZOOM" платформасында өткізіледі.

Уақыты:2021 жылдың 3 желтоқсаны, сағат 11:00 - 13: 00.

Идентификатор: 423 983 2112

Кіру коды: uFjL9b

Онлайн дөңгелек үстелге қатысу үшін Қазақстанның 4 өңірінің археологтары (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс), ғалымдар, тарихшылар, музейдің ғылыми қызметкерлері, магистранттар, докторанттар шақырылады.

Өтетін жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл а., Достық көшесі, 15а

Жауапты қызметкерлер:

Қ.Қ.Абильмаликов, тел.: 8(71533)21-880  немесе 8 771 285 38 92.

С.К. Амирова, тел.: 8(71533)21-880 немесе 8 775 400 52 20;

Е-mail: rgkp.botai_museum@mail.ru

Біздің анықтама: Археология-тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттейтін Қазақстандағы ең жас гуманитарлық ғылымдардың бірі. Археологияда ескерткіштер ежелгі құрылыстардың әртүрлі қалдықтарын, ежелгі адамдардың еңбек және мәдени іс-әрекетінің іздерін, сондай-ақ ежелгі адам әртүрлі іс-шаралар үшін жасаған немесе пайдаланған заттарды білдіреді. Ғасырлар бойы сақталып, халқымыздың ежелгі тарихының беттерін ашатын археологиялық ескерткіштер еліміздің тарихи-мәдени мұрасының маңызды бөлігін құрайды.