Мысалы, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде салған биатлонист Алина Райковаға арналған құттықтау жеделхатында Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл жүлденің барша Қазақстан халқы үшін маңызын айтып көрсетті.
«Қазақстан құрамасының ең тәжірибелі және жарқын мүшелерінің ретінде Сіз қысқы спорт түрлерінің насихатталуы мен мемлекетіміздің халықаралық спорт қауымдастығының алдындағы имиджінің артуына айрықша үлес қосып келесіз», - деп жазды министр өз хатында.
Фристайл-акробатика жарысының жеңімпаздары Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбекке арналған құттықтауында министр қазақстандық спортшылар Қазақстан Республикасының құрамасына тән нағыз командалық рух пен ынтымақ көрсеткендерін айта кетті: «Әлемдік деңгейдегі бұл додада өздеріңізді лайықты біртұтас, бірыңғай команда ретінде танытып, жеңіске деген орасан зор жігерлеріңізді таныта білдіңіздер. Бұл алтын жүлделер – осы қысқы спорт түрінің қазақстандық жанкүйерлеріне арналған ұмытылмас нағыз сый болып табылады».
Еске салып кетсек, жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша Қытайды озып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.