
IBU басшысын қарсы ала отырып, Арыстанбек Мұхамедиұлы Андерс Бессебергке Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиада ойындарына жеке қатысуы үшін алғысын білдірді.
«Биатлонистер халықаралық одағының ауыспас басшысы және ірі кәсіби тәжірибесі бар спорт менеджері ретінде сіз биатлонның барша әлемдегі дамуына елеулі үлес қосудасыз. Қазақстан қысқы спорт түрлерінің дамуына, соның ішінде қазақстандықтар арасында биатлонның танымалдығын арттыруға ерекше мән береді», - деді министр.
Сонымен қатар ол Қазақстандағы заманауи биатлонның дамуы мен өзекті мәселелерін шешуде халықаралық ұйыммен жан-жақты ынтымақтастыққа дайындығын растады.
Өз кезегінде Андерс Бессеберг Бүкіләлемдік студенттер ойындарының дайындық деңгейіне ризашылығын білдірді.
«Қазақстанға көрсетіп жатқан қонақжайлығы мен Универсиаданы ұйымдастырудағы жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс білдіремін. Студенттік спорт жоғары көрсеткіштер спортының дамуында айрықша маңызды орын алады, ал сіздің еліңіз бүгінгі таңда дүниежүзіне әлемдік спорттағы жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетіп жатыр», - деп пікірін білдірді халықаралық маман.
Әңгіме барысында қазсқтандық ведомстваның басшысы мен IBU жетекшісі ортақ бастамалар бойынша бірқатар ұсыныстарды, халықаралық одақтың түрлі бағдарламаларын, соның ішінде балалар-жасөспірімдер спорты, мамандарды даярлау, сапалы жаттығу үрдістерін ұйымдастыру және т.б. салалардағы бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.