
Студенттік доданың жүлдегерлеріне арналған құттықтау хаттарында министр олардың Унивесриаданың алғашқы жарыс күні көрсеткен жоғары спорттық шеберліктері мен жеңіске деген қайыспас жігерлерін ерекше атап өтті.
Нақты айтқанда, Анна Шевченкоға арналған хатында ойындардың Қазақстан үшін алғашқы жүлденің иегері атану арқылы отандық құраманың жеңістеріне есеп ашылды деді .
«Барша әлем алдында Сіз лайықты қарсыластармен ымырасыз додада өзіңіздің жоғары шеберлігіңіз бен қайсарлығыңызды көрсете білдіңіз. Сіздің жеңісіңіздің арқасында барша қазақстандықтардың жүректерін өз елі үшін мақтаныш сезімі ұялады. Ортақ үйімізде өтіп жатқан Универсиададағы қазақстандық жеңістердің есебі ашылды. Құрама бойынша әріптестеріңіз Сіз бастаған жеңіс эстафетасын жалғастырады деген үміттемін», - деп жазылған ведомство басшысының құттықтауында
Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергеноваға жолдаған жеделхаттарында министр спортшыларға бүкіләлемдік ойындарда абыроймен өнер көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, спорттың әлемдік алаңында жаңа жеңістер тіледі.
Еске салып кетсек, 30 қаңтар күні өткен жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан Универсиаданың жалпыкомандалық есебінде бесінші орынға табан тіреді. Бүгін қазақстандық спортшылар керлинг, сноубор, тау шаңғы, шаңғы және конькимен сырғанау спортында, шаңғымен қоссайыс, фристайл-акробатика және хоккейде бақ сынайды.